Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде қатты жауыннан қала көшелерін су басты (фото)

Семейде қатты жаңбыр жауып, қала көшелері суға толды,- деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

жауын3

Он минут көлемінде құйып өткен жаңбырдан қала көшелері көлге айналды. Жолда келе жатқан жүргізушілер көліктерін тоқтатуға мәжбүр болды, себебі жаңбырдан айналаны көру мүмкін емес еді.

«Биылғы жаз өзгеше жауын-шашынды болып тұр. Жаңбыр күніне екі-үш мәрте және жер шола жауады. Мәселен, мұның алдындағы нөсер тек Восточный кентіне ғана жауды. Бірақ, абырой болғанда, ешқандай зардап келген жоқ», – деп мәлім етті Семей қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бақытбек Байбуров.

Ауа райын болжаушылар болса, шілденің соңына дейін күн жаңбырлы болады деп отыр.

жауын1

«Қазақстанның оңтүстік бөлігіне Иран аумағынан ыстық тропикалық ауа, ал солтүстікке Ресейдің еуропалық солтүстік аудандарынан және Уралдан ылғалды салқын ауа келіп жатыр. Сол себепті атмосфералық фронттар алмасып, ел аумағында жаңбырлы, кей жерлерде өте қатты тропикалық жауын-шашынды ауа райы қалыптасып отыр», – делінеді «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

жауын2

Қолайсыз ауа райы бір аптадан бері астаналықтардың да мазасын қашырды. Қатты жауыннан орталық көшелерді тағы су басты. Астананың коммуналдық қызметтері су тасқынымен күресуде, алайда әзірге еш нәтиже жоқ.

Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы су басқаны үшін әкімдіктің атынан кешірім сұрады. Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жазған болатын.

 

 

Талқылау