Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде қаңғыбас әйел ақша бермеген бокс бапкерін ұрып өлтірді

Семейде көптеген дене жарақаттарынан көз жұмған бокс жаттықтырушысының ісін тергеу бір жыл бойы созылып келді. Мұндай жекпе-жек шеберін өлтіру кімнің қолынан келу мүмкін екенін тергеушілер біраз уақытқа дейін анықтай алмады. Нәтижесінде адам сенгісіз тоқтамға келген: Он адамға оңайлықпен дес бермейтін еңгезердей азаматты 34 жастағы әйел өлімші етіп сабаған, – деп хабарлайды Stankz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

box_0

Қайғылы жағдай өткен жылдың қарашасында болған. Тергеу болжамына сәйкес, Қазақстанның бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушысы Дамир Исханов (есімдер өзгертілген) автовокзалда тұрақты мекенжайы жоқ Елена Савельевамен жолыққан. Туыстарының айтуынша, Исханов соңғы кездері ішкілікке салынып жүрген. Кезекті рет масайып алған азамат Семейді аралап жүріп, Еленамен танысқан. Бірге ішкен кезінде әйел одан ақша сұраған. “Жоқ” деген жауапқа разы болмаған келіншек жерден таяқ алып, боксшының самайынан ұрып жіберген. Ер кісі есінен танып қалғанда Елена оның қалтасын ақтарып, 5000 теңге тапқан. Соны қанағат тұтып, кетіп қалған.

Келесі күні ертесімен Елена Дамирдің есін жинап, жылу жолы маңында жатқанын көреді. Онымен тағы да ішкен әйел сөзге келісіп, төбелес бастайды. Азаматты соққыға жығып, құбырлардан ер кісінің кеудесіне секіреді. Исханов тағы да есінен танып қалады.
Кейін Елена бейтаныс адамдардан Исхановты жақын маңдағы подъезге сүйреп апаруын өтінеді. Суықта қатып қалады деп сендірген әйел ер кісіні подъезге сүйреп жатқанда ізін суытып үлгерген. Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция шақыртқан. Алайда, дәрігерлер оны құтқара алмаған. Дамир бірнеше сағаттан кейін көз жұмды.

Сот кезінде Елена өз кінәсін мойындамады. Ал Дамирдің туыстары тергеудің бұл болжамына келіспей отыр. Олардың айтуынша, Дамир, тіпті он адамға дес бермейтін азамат болған. Ал ішкілікке салынған әйелдің соққысынан өлді дегенге олар сене алмауда. Тергеуші осылайша істі жаңа жылға қарсы тезірек жаба салғысы келді деп санайды туыстары. Ақыры сот істі қайта тергеуге шешім қабылдады.

Талқылау