Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде газ баллонын сіріңкемен тексеріп көрмек болған қарт адам алапат жарылыс жасады

Семейде 27 қазан күні кешкілік уақытта газ баллонын сіріңкемен тексермек болған 68 жастағы ер адам жарылыс жасады, – деп хабарлайды Altaynews.kz.

Жалын ас үй жиһаздары, тұрмыс техникасы, есік-терезені жылдам жалмап, мұнан кейін үй шатырының ағаштан жасалған құрылымдарын шарпыған.

Оқиға орнына 3 өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіру және жедел құтқару жасағының 20-дан астам қызметкері келіп жетті.

Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Үй иесі денесінің 10-15%-ын күйік шалған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен ер адамның жағдайын тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау