Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде балаларды зорлаған бұрынғы интернат тәрбиешісі 20 жылға сотталды

Шығыс-Қазақстандағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотта  Семейдегі мектеп-интернаттың бұрынғы тәрбиешісіне қатысты сот үкімі оқылды.

педофиллл

«Ауданаралық мамандандырылған сот Сополевке  20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұдан былай педогогика саласында жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Балалар тәрбиесіне қатысты жұмыстардан өмір бойына аластатылады. 20 жыл уақытты түзету мекемесінің қатаң режимдегі колониясында өтейтін болады»,-деді сот баспасөз хатшысы Жұлдыз Исаханова.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

44 жастағы семейлік бұған дейін ата-анасы тастап кеткен балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеші болып қызмет еткен. Күдікті 1998-2015 жылдар аралығында яғни, осы мекемеде жұмыс істегелі кәмелет жасқа толмаған жас балаларға жыныстық қатынас негізіндегі қысым көрсетіп келген.

Талқылау