Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде “Ауызашар” деп аталатын өнім шығарыла бастады

Семейдегі жергілікті кондитер цехтарының бірінде өнідірілген тағамдар жиынтығында ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен қатар, құрма, печенье де бар.

ымым

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Цех жетекшісі Жанаргүл Жұмағалиеваның айтуынша, отандық өнімге Ресей, Қытай, Монғолиядан да тапсырыс түсіп жатыр екен.

Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылған. Қазір олардың саны 30-ға жетеді.

“Мен өзім қазақ тілі, әдебиетін бітіргем. Мамандығым мұғалім. Мына печеньелерді шығарған кезде түріне қарап аттар қоямыз. “Тақия” деген печенье бар, “Шаңырақ” деген печенье бар. Шамамыз келгенше қазақша аттарды қоямыз”, – дейді кондитерлік цехтың жетекшісі Жанаргүл Жұмағалиева.

Талқылау