Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды

Сенбі, 23 Қыркүйек , 2017 18:00

Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл! Бүгін осы мерейтойға орай Алаш астанасы саналатын Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды. Ал бұл елімізде Алаш көсеміне тұңғыш рет қойылған үлкен мүсін. Биіктігі үш жарым метр болатын ескерткішті жасауға бюджеттен 32 миллион теңге жұмсалған. Ашылу салтанатына Ұлан Нұрахемт те қатысып келді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Aktobenews.kz

Әлихан Бөкейханов – қазақ даласына жүргізілген отаршылдық саясатқа қасқайып қарсы тұрған көсемдердің бірі. Сол кездегі Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші мемлекеттік думаға депутат болып сайланғаны да белгілі. Әйтсе де, ол думаның жұмысына көп қатыса алмады. Оған себеп, Бөкейханов ондағы қызметін бастаған сәтте Дала өлкесі генерал-губернаторының жарлығымен 3 ай Павлодар абақтысына қамалған болатын. Сондықтан алаштанушылар оның әлі де зерттелетін тұстары көп дейді.

“Алаштың көсемі болғанымен, үлкен ғалым адам. Сонымен бірге ұлттық саясаттың басында тұр. Яғни, қазақтың елдік идеясының көсемі деп айта аламыз”, – дейді «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Тұрдығұл Шаңбай.

Алаш көсеміне арналған мынадай үлкен ескерткіш елімізде тұңғыш рет ашылып отыр. Оның биіктігі – үш жарым метр. Қоладан қашалған мүсінді әзірлеуге және орнатуға жергілікті бюджеттен 31 млн 987 мың теңге бөлінген екен. Ал оны жасату барысында мүсіншілердің байқауы үш мәрте ұйымдастырылыпты. Соны жеңіп шыққан автор Алаш қайраткерінің оң қолына асық ұстатып қоюды жөн көрген.

“Қазақта жақсы сөз бар асық алшысынан түссін деген. Бір қиындық кезінде немесе алыс жол жүргенде, сондай бір маңызды шешім қабылдаған сәтте қазақтар айтқан”, – дейді ескерткіш авторы Бақытбек Мұхаметжанов.

Ал Бөкейхановтың мұндай ескерткішінің Семейге қойылуы да тарихпен байланысты. Өйткені өзі төраға болып сайланған, қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясының іргетасы осы жерде қаланған еді. Сондықтан, Мəжіліс депутаттары мен зиялы қауым өкілдері оны Алаштың астанасы саналатын шаһарда бой көтергені дұрыс деген шешім қабылдаған екен. Айта кетейік, бүгінде ірі қоғам қайраткеріне арналған мүсін Санкт- Петерборда да бар.


Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар