Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында алғашқы қар жауды

Қарағанды облысындағы Ақтас кенті, Қарағанды, Саран қалаларында биылғы алғашқы қар жауып үлгерді.

Сурет: Диапазон газеті

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жауған қар туралы суреттермен және видеороликтермен белсенді бөлісуде. “Жедел медициналық жәрдем” қызметіне ауа райы мен күннің суытуына байланысты қайғылы жағдайлар туралы ақпарат түспеген.

Мұнымен қатар, Павлодарға да алғашқы қар жауды. Метеоқызмет дерегіне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады. Себебі, Қара теңіз аудандарынан Қазақстан аумағына суық және ылғалды ауа массалары ауысып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

Қызылордада марихуана егілген ірі алқап анықталды

23 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады

Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр

Талқылау