Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ақсақалдың жарты миллион теңгесін келіні ұрлап алған

Семейде полицияға шағым түсірген ақсақал өзінің жинап жүрген 500 мың теңгесі жоқ болып кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары үйдегі ақша жасырылған жерді қарап ешқандай да есіктің немес терезенің сындырылғаны сияқты іздер таппаған,-деп хабарлайды timeskz.kz сайты.

акшаааа

«Ақшаның қайда кетуі мүмкін екенін іздестірген полиция күдіктіні табады. Ол зейнеткердің 35 жастағы келіні болып шыққан. Ол өз ісін мойындаған»,-деп хабарлайды өңірдегі ІІД баспасөз хатшысы.

Полицейлер келіншектен ақшаны алып ақсақалдың қолына ұстатқан. Келіншек жарты миллион теңгенің мұртын бқзбай сақтап отырған екен. Зейнеткер бұған дейін келініне қатты сенген, тіпті мұндай қадамға барады деп ойламапты да. Енді зейнеткердің келіні қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Талқылау