Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғыны интернетте жалған ақпарат жазғаны үшін сотталды

Бейнежазба үшін жаза! Семейде үй құлады деп жалған ақпарат таратқан Артем Полюх ғаламторға жүктеген бейнежазбасы үшін 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Енді ол құқық қорғау орындарының қатаң бақылауында болады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Судья оның 2-ші топтағы мүгедек және кәмелет жасқа толмаған баласы барын ескергендіктен, шартты жазаға кесті. Ал Артем Полюхтың өзі елді дүрліктірген  бейнежазба ватсап арқылы келді деп ақталумен болды. Айтуынша, оған көршілес Ресейде болған оқыс оқиғаның видеосын достары жіберген көрінеді. Онда «бүгін Семейде көпқабатты үй құлады» делінген. Ал құрдастарына сеніп қалған азамат, бірден ғаламтордағы жеке парақшасына жүктеп үлгерген. Осылайша мұны көрген ғаламтор қолданушылары жалған ақпаратты жарыса таратып жіберіпті. Айта кетейік, бұл жағдай биыл мамыр айында болған.

«Ютубта жеке парақшам бар болатын. Онда ең қызықты деген бейнежазбаларды салып жүрген едім. Сондықтан осы видеоны бірден сонда жүктеп жібердім. Үстіне «Семей қаласында үй құлап жатыр» деп жазғаным рас. Жалған екенін білмедім. Эксклюзив болсын деген ғана ойым болды», – дейді сотталушы Артем Полюх.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда пәтерін заңсыз жалға беретіндерге қарсы күрес басталды

Сағаттап созылған кезек: Қазақстан мен Қырғызстан шегарасындағы жағдай (видео)

Таразда қолдан арақ жасап сатып келген ер адам ұсталды

Атыраулық жезөкшелер: Бізді қинап осы жолға салған жеңгетайымыз “өлтіріп кетем” деп қорқытып отыр

Талқылау