Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей әкімі жылуға берешегі бар тұрғындарға өзі хабарласып жатыр

Семей әкімі Ермак Салимов жұмыстан бос уақытында жылуға берешегі бар тұрғындарға өзі қоңырау шалып жатыр.

hQGTCmQtZbs

Сурет: vk.com 

Бұл туралы time.kz хабарлайды.

«Біз «Жылу коммуналды энергия» МКМ-не берешегі барларға қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алайда, ол әртүрлі себептермен нәтижесін көрсетпей жатыр. Сондықтан, егер әкімнің өзі тұрғындарға телефон шалып айтар болса, олар бұған немқұрайлы қарамады деп ойладым. Және бұл ойым нәтижелі болды», – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Салимов.

Алайда кейбір тұрғындар әкімнен оның өзі хабарласып, берешегі жайлы айтатындай жағдайдың осынша ауырлап кеткенін сұрайтын көрінеді.

«Тұрғындар менің хабарласқаныма қарап, жағдай соншалық ауырлап кеткен бе деп сұрайды. Кейбірі неліктен ақысын төлемей жүрген себептерін айтып ақталады. Енді бірі міндетті түрде төлейтінін айтып, уәде береді. Алайда, қуануға ерте. Өйткені әлі де жылуға 600 миллион төленбеген», – дейді әкім.

Талқылау