Сәуле Жанпейісова Беделханның бағдарламасын эфирден алып тастауды талап етті

Дәстүрлі ән өнерінің майталманы, әнші Сәуле Жанпейісова әнші әрі продюсер Ерболат Беделхан жүргізетін бағдарламаны Ұлттық арна эфирінен алып тастауды өтінді. Ол Q-pop стиліне бағытталған бағдарламаның ұлттық мүддемізге сай келмейтінін алға тартып, арна басшысы Ерлан Қаринге ашық хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Қазақстан” РТРК АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мырзаға ашық хат!

Күні кеше еліміздің батыс өңіріне гастрольдік сапармен барып, елдің жағдайын көріп, біріне қуансам, біріне налып, шаршап-шалдығып, денсаулығыма да қарамай ел аралап келіп жеткен бетім еді. Кешкісін Сіз басқаратын Ұлттық арнаны қосып, (бағдарламаның атын есімде сақтай алмадым, кешірерсіз!) Ерболат Беделхан дейтін продюсердің қазақтың жас қыздарымен бір өзі жүргізіп отырған кастингін көріп, жағамды ұстадым. Халқымыздың ғасырлар бойғы дәстүрлі өнеріне айына бір сағат уақыт бөлінбей отырған Ұлттық арнадан ұлтымыздың тамырына балта шабатын мұндай жобаның көрсетілуін қалай түсінуге болады? Өнерге ынтасы бар жас қыздардың тағдырын бір өзі шешетін Ерболат Беделхан дейтін кім еді? Ұлтымыздың мүддесіне қайшы келетін еш мағынасы жоқ сөздермен былғанған жат ағымды музыка түрін насихаттап, жас қыздардың санасын улап, кімге қандай үлгі көрсетпек?

Мұндай бағдарламаны көрсетудегі Ұлттық арнаның мақсаты не? Біз білетін 60 жылдық тарихы бар “Қазақстан ” Ұлттық арнасында бұрын-соңды мұндай сорақы дүние көрсетілмеген болар. Мұның арты қайда апарып соғатынын Сіз жақсы білесіз деп ойлаймын.

Құрметті Ерлан мырза! Елдің бүгіні мен ертеңін ойлайтын азамат ретінде мынадай сорақылықты жарнамалауға тез арада тиым салуыңызды сұраймын! Бұл біздің болашағымызға зор зиянын тигізетініне күмәнім жоқ. Оның орнына халқымыздың сан ғасырдан бері рухани азығына айналған дәстүрлі өнерін насихаттайтын жаңа жоба ашуыңызды сұраймын. Мен бұған дейін де Сізге дейінгі басшыларға осы ұсынысымды айтумен келем. Өкінішке орай, сөзіміз əрдайым аяқасты қалады.

Бұл жалғыз менің сөзім емес, менің бұл ойымды барлық дәстүрлі орындаушылар мен дәстүрлі өнерге жаны ашитын барша көрермен қолдайды. Қазағымның дәстүрлі өнеріне қызмет етіп жүрген жан ретінде мұндай жобаның ашылуына көмек керек болса, біз дайынбыз. Сізден сұранатыным, Ұлттық арна деген атына сай Ұлттық арнамыз Ұлттық дүниені насихаттаса екен!

Құрметпен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова.

Жіберіп алмаңыз: 

Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен

Қарақат: Өмірде қиындық көрген жан емеспін

Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады

Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергені үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар