Сәуірден бастап полиция қызметкерлеріне смартфон қолдануға тыйым салынды

Сейсенбі, 29 Наурыз , 2016 17:03

Бұл тыйым тек ІІМ қызметкерлеріне ғана емес жедел іздестіру қызметі, учаскелік инспекторларға да тікелей қатысты.

смартфон

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

«Ішкі істер қызметкерлеріне 1-ші сәуірден бастап жұмысқа смартфон ұстап келуге тыйым салынады»,-деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха

Ол сондай-ақ, осы бастама министрдің өзімен  кеңесе отырып шешілгенін атап өтті.

«1-ші сәуірден бастап біз өз қызметкерлерімізге жұмыс орнына смартфон, планшет ұстап келулеріне тыйым саламыз. Басшылардан бастап барлығымыз қарапайым телефондарды сатып алдық»,-дейді Игорь Лепеха журналистермен кездесу барысында.

Ол тура осындай тыйымның басқа да мемлекеттік органдарда қабылданатынын ескертті. Бұл бастама тек министрліктегі ішкі істер қызметкерлеріне ғана емес учаскелік полиция, жедел іздестіру қызметкерлеріне де тікелей қатысты екенін атап өтті.

Лепеха осы тыйымға бағынбаған жағдайда арнай жаза қолданылатынын да ескертті.

« Ішкі тәртіпке бағынбаған қызметкердің басшысы қызметтік тексеріс жүргізеді. Бастапқы кезде ескерту беріледі… Сіздер халық WhatsApp, Facebook желілері арқылы біздің ортақ желімізге ахбарат бере аласыздар. Ол дегеніңіз шеттету емес. Тек жұмыста қарапайым ұялы телефон қолданылу керек»,-деді Лепеха.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Арттары таза емес,бул жариялылыктан кашу

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар