Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саудагерлер базарда жүрген ұрыны ұстап алып, оны өздері жазалады (видео)

Өзбекстанда жергілікті базарлардың бірінде саудагерлер ұрлықшы болуы мүмкін деген күдікпен жас жігітті ұстап алып, оны өздері жазаға тартты.

Саудагерлер базарда жүрген ұрыны ұстап алып, оны өздері жазалады (видео)

Бұл туралы Kun.uz басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Қарақалпақстанның Беруни ауданында болды. Жоғарыда айтылғандай, ұрыны қолға түсірген саудагерлер құқық қорғау органдарына шағымданбай-ақ оны өздері жазаға тартты. Олар базарда жүрген жас жігітті ұры деп ойлап, оның қолын байлап базардың қақпасына іліп қойды.

Осыдан кейін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі де бұл оқиғаға назар аударды. Баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұл жағдай 1 тамызда болған. Белгісіз азамат жас жігітті ұры деп айыптап және оны өз қалауы бойынша жазалауды шешкен. Жәбірленушіні жазалаған азаматқа қатысты «озбырлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары ұрлық жасады деп айыпталған жігіттің ондай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруге уәде етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау