Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабия футболшылары Лондондағы теракті құрбандарын еске алудан бас тартты (видео)

Сауд Арабиясы құрамасының футболшылары Австралиямен кездесу алдында Лондондағы теракті құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік шарасын орындаудан бас тартты.

754969397042688

Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

Алаңдағы диктор үнсіздік шарасы туралы хабарлаған кезде австралиялықтар қалыптасқан дағды бойынша бір қатарға сап түзейді, ал саудиялық ойыншылар болса жан-жаққа тарап, бұл шараға қатысудан бас тартқан. Жергілікті жанкүйерлер олардың әрекеттеріне наразылық білдірген.

2018 әлем чемпионатына іріктеу аясында өткізілген матчта Австралия құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі таңда Саудиялықтар 16 ұпаймен екінші орында тұрса, Австралия құрамасы дәл сондай ұпаймен үшінші орында.

Еске салсақ, 3 маусым күні Лондонда террористер пышақпен адамдарға шабуыл жасап, 8 адамның өмірін қиған еді. Тағы 48 адам жараланған.

Оқи отырыңыз:

Геннадий Головкинді туған жері Қарағандыда қалай қарсы алды? (видео)

Қанат Ислам IBF рейтингінің үштігіне енді

«Реал» екінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Толық жігіт Роналдудың суреттеріне пародия жасады (фото)

Талқылау