Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толық жігіт Роналдудың суреттеріне пародия жасады (фото)

Өзінің сыртқы келбетіне көңілі толмайтын Норберто есімді жігіт көңілін көтеріп, өз бағасын жоғарылату үшін танымал футболшы Роналдудың суреттеріне пародия жасаған.

imgonline-com-ua-2to1-eX5Wn8sIUifq1

Бұл туралы Buzz Feed хабарлайды.

“Мені сыныптастарыма толық әрі ұсқынсыз деп мазақтады. Сол үшін менің инстаграмымда селфи жоқ. Ал өзіме жақсы баға беру үшін Роналдудың жейдесіз түскен 5 суретін таңдап алып, қайталауға тырыстым”, – дейді ол.

“Криштиану – маған мүлде қарама-қарсы тұлға. Ол әдемі, танымал, сұңғақ бойлы адам. Мені тек анам ғана әдемі деп санайды. Инстаграмдағы жазылушыларым да футболшыдан 68 мыңға аз”.

“Мен осы суреттен бастап көрейін дедім. Барынша Роналду секілді сексуалды бейне жасауға тырыстым. Бірақ, қаншалықты ұқсағанын білмеймін”.

👍😜

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Мен: 

👍🏽😜

Публикация от Norberto Briceño (@norbertobriceno)

“Бұл селфиді біздің офистің шатырында жасадым. Ешкім денемді майлап жатқанымды көріп қоймасын деп жұмыс күні аяқталған соң түсірдім”.

V D ☀️

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Мен: 

N B ☀️

Публикация от Norberto Briceño (@norbertobriceno)

“Бұл суретті түсіру үшін құрбымның көмегіне жүгіндім. Тек іш киімімді қалдырып, суретке түстім”.

Soon 👀

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Мен:

👀

Публикация от Norberto Briceño (@norbertobriceno)

“Менің жатын бөлмемде бір ғана шырақ болғандықтан, таңғы уақытта түсіруге тура келді. Роналдудыкіндей одеял да сатып алуға тырыстым”

Don’t miss the last chance to order my CR7 blankets for Christmas! Use promo code CRIS to save 25% at www.cr7blankets.com

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Мен: 

😴

Публикация от Norberto Briceño (@norbertobriceno)

“Соңғы пародия үшін мен оның шөп үстінде жатқан суретін таңдадым”.

Безымянный

Мен:

👍🏽👌🏽 #lastone #nomore #promise

Публикация от Norberto Briceño (@norbertobriceno)

“Өзім болжағандай бұл тәжірибе менің бағамды көтермеді. Керісінше, 29 адам маған жазылмай қалды. Бірақ, ештеңе етпейді. Өзгеге ұнамаса да, өзіме ұнады”, – деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)

Тәттіден түбегейлі бас тартқан 70 жастағы әйел керемет дене бітімімен таңғалдырды (фото)

Үш жасар қыз танымал адамдардың образдарын айнытпай қайталап шықты (фото)

Қалыңдық құрбылары болмаған соң жігіттермен «қыздар жиынын» өткізді (фото)

Талқылау