“Самұрық-Қазына” ҰҚ жаңа басқару үлгісіне көшпек

Сәрсенбі, 9 Желтоқсан , 2015 8:33

Президент сынына іліккен “Самұрық-Қазына” ұлттық қоры трансформация бағдарламасын белсенді іске асырып, жаңа басқару үлгісіне көшеді.

шукеев

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алдымен басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқарып, топ-менеджерлердің саны 16-дан 9 басқарушы директорға дейін азайтылмақ. Ал қордың өзі ұлттық компаниялардың қызметін үйлестіретін әкімші емес, табыс табуға ұмтылған коммерциялық ұйым ретінде жұмыс жасайтын болады.

Жаңа жылдан бастап еліміздегі ең ірі “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорында трансформация бағдарламасы аясында бірқатар өзгерістер болады. Бүгін Астанада бас қосқан топ-менеджерлер мен сарапшылар ауқымды бағдарла аясында атқарылған жұмыстың жылдық қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, алдағы уақытта қордың коммерциялық бөлігі біршама күшейтіліп, қызметкерлердің 60 пайызы стратегиялық активтер қоржынын басқарумен айналысады. Қордың жаңа қызметі үш бағытқа бөлініп, топ-менеджерлердің кәсіби мүмкіндіктері халықаралық деңгейге жетуге тиіс.

«Бюджет мәселесі бір, сатып алу қалай ұйымдастыр керек, жоспарлау қалай жұмыс істеу керек 10 арнайы құжат дайындадық»,- Өмірзақ Шөкеев « Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ қордың пайданы ұлғайту міндеттері де қайта сараланып, өзіндік құны артқан ұйымға айналмақ. Қор бірінші кезекте коммерциялық ұйым ретінде жұмыс жасайтын болады. Ал, сарапшылар трансформация мен жекешелендіру ұлттық компаниялардың тиімділігін арттырады деп отыр.

Мәселен, 2013 жылы Самұрық-Қазына Қорының еншілес компанияларының саны 768 болса, бүгінде олардың саны 560-қа дейін азайтылды. Трансформация мен жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асқан соң олардың саны 200-ге дейін қысқарады. Бұл қоғамның ұлттық компанияларға деген сенімін арттырады деді сарапшылар.

Трансформация аясында қордың сату, сатып алу үрдісін халықаралық тәжірибеге сүйене отырып енгізу де жоспарланып отыр. Жаңа бастама жылына 380 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік бермек. Бастысы Қор ұлттық компаниялардың қызметін үйлестіретін әкімші емес, нақты табыс табатын белсенді инвесторға айналады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар