Самұрық-Қазына басшыларының саны екі есе қысқарды

“Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат Қорында”АҚ басқарушы директорлар, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің саны азайды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

Өзгеріс мақсаты – басқарудың оңтайлылығы (мобильділігін) мен тиімділігін арттыру. Міндет – “Самұрық-Қазына” қорының трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру.

Жаңа құрылым биыл 11 қаңтардан бастап қызмет етеді.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

Тағы оқыңыз:

Оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні белгілі болды

Америкалық дәрігерлер Трамптың ақыл-есінің дұрыстығын тексеруін талап етті

Google Путинді әлі болмаған президент сайлауының жеңімпазы деп хабарлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар