Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні белгілі болды

Қазақстанда оқушыларға артылатын жүктемені жеңілдету туралы жұмыстар басталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілі баспасөз мәслихатында айтты.

“Біз қазір оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында  бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген”, -дейді вице министр Бибігүл Асылова

Сонымен қатар, оқушыларға берілетін тапсырманың қаншалықты жеңілдейтіні туралы да айтты.

“Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап, бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді”, – деді вице министр.

Оның айтуынша, бұл мәселе педагогикалық жиындарда кең талқыланып жатыр. Білім жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне де хабарланды.

Тағы оқыңыз:

Америкалық дәрігерлер Трамптың ақыл-есінің дұрыстығын тексеруін талап етті

Google Путинді әлі болмаған президент сайлауының жеңімпазы деп хабарлады

Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Талқылау