Samsung “Galaxy Note 7” смартфондарының өздігінен жарылатынын айтты
Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы тұтынушыларға Galaxy Note 7 смартфондарын жылдам өшіріп, оны жаңасына ауыстыруға кеңес берді.

Galaxy Note 7 смартфондары 19 тамыздан бастап әлемнің он шақты мемлекетінде сатылып жатыр. Бірнеше күн бұрын Samsung компаниясы Galaxy Note 7 батареяларының өздігінен жарылатынын айтып оның сатылымын тоқтатты. Мұнымен қатар, оны жаңасына тегін ауыстырып беретіндіктерін айтты.
“Біз тауарларымыздың тұтынушылар денсаулығына қауіп төндірмегенін қалаймыз. Galaxy Note 7 смартфондарын жылдам сөндіріп, оларды жаңасына ауыстыруға кеңес береміз”, – дейді аталған компанияның өкілдері.
Мұнымен қатар, дәл қазір мұндай қауіпті смартфондарды шығаруға және оны тасымалдауға тыйым салынғандығы туралы айтылған.
Жіберіп алмаңыз:
Көлікте қуаттауға қалдырған Samsung Galaxy Note 7 смартфоны жарылып, автокөлік өртенді
Apple компаниясы суға төзімді жаңа iPhone 7 смартфонын таныстырды
Қазақстандықтар енді заңсыз алкогольдік өнімдерді смартфон арқылы анықтай алады
Үнді жігітің қолында тұрған смартфон күтпеген жерден жарылып кетті (видео)
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?