Apple компаниясы суға төзімді жаңа iPhone 7 смартфонын таныстырды

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 14:15

Apple суға төзімді iPhone 7, Apple Watch 2 сағаты мен Super Mario ойынын шығарды.

iphone_7_large

Фото: apple-geek.ru 

Компания 12 мегапксельді камерасы бар суға төзімді 6 қат линзалы iPhone 7 и iPhone 7 Plus смартфондарын таныстырды.

iPhone 7 қуаты алдыңғы смартфондарға қарағанда екі сағатқа артық жұмыс істейді. Егер Wi-Fi қолдансаңыз 14 сағат, ал 4G қолдансаңыз 12 сағат жұмыс істей аласыз.

Жаңа құрылғыда бұрынғыдай құлаққапқа арналған 3,5-милиметрлі саңылау жоқ, енді ол Lightning порты арқылы жалғанады. Алайда iPhone жиынтығында стандартты құлаққаптар үшін де арнайы жалғастырушы құрал болады. Одан бөлек, Apple W1 чипі мен қозғалу датчигі орнатылған сымсыз AirPods құлаққаптарын ұсынады.

_91062829_cbf929d7-317b-475e-911c-82a9dbc28ce1

Қос гаджетке де жаңа 64-битті төрт ядролық, қуат жұмсау көлемін реттеу қасиеті бар A10 Fusion процессоры және алты ядролық графикалық чип орнатылған.

Жаңа смартфонның бес түсі бар: алтын, күміс, қызғылт, қара әрі қара оникс.

Сонымен қатар, Apple жаңа баптауыштармен қамтылған iOS 10 жаңа нұсқасын әрі жұмысы әлдеқайда жақсартылған Siri дыбыстық көмекшісін таныстырды.

Покемон мен Super Mario

Super Mario ойыны iPhone иелері үшін қолжетімді болмақ. Ал Pokemon Go ойыны Apple Watch сағатына орнатылады.

_91062827_1600de98-e348-4ea9-b96b-1a80f6cc19f9

Apple Watch 2

Америкалық компания Apple Watch 2 – S2 – с жылдам екіядерлі процессормен жұмыс істейтін ақылды сағаттарды таныстырды.

GPS  модулімен шыққан гаджет суға төзімді келеді. Ақылды сағаттармен суға түсе беруіңізге болады. Онымен 50 метр тереңдікке дейін жүзе беруіңізге болады. Жаңа шыққан сағаттардың дисплейі де екі есе жарық жасалған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полицейлері iPhone телефонын алаяқтардың бұғаттап жатқанын ескертті

iPhone 6 телефоны жарылып жарақаттанған велосипедшіге аяқ терісін ауыстыруға тура келген

Америкалық азамат өзінің iPhone смартфонына үйленіп, некесін қиды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Ерсін says:

    Компания 12 мегапксельді камерасы бар суға төзімді 6 қат линзалы iPhone 7 и iPhone 7 Plus смартфондарын таныстырды.
    “И” дегенді “мен” деп жазу керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар