Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері iPhone телефонын алаяқтардың бұғаттап жатқанын ескертті

Алматы полицейлері тұрғынарды алаяқтардың тағы бір әрекетінен сақтануға шақырды. Алаяқтар смартфондарды бұғаттап, оны ашу үшін ақша алатын болған.

5

Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық ІІД Қылмыстық полиция басқармасы «К» бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Асқар Сысоев бұл алаяқтықтың В Контакте желісі арқылы болып жатқанын айтады. Алдымен олар желідегі парақшаны бұғаттайды. Сосын сол парақшаның атынан желі қолданушысына IPhone телефоны арқылы арнайы бағдарлаға кіруі керек деген хабарлама жібереді.

Полицияға бірнеше тұрғын телефондарының бұғатталғанын айтып шағымданған. Көпшілігінде IPhone телефондары бұғатталған.

Осылайша, алаяқтар телефонның жеке мәліметтерін біліп алып, оны бұғаттап тастайды. Сосын оған ақылы түрде бұғатын алып тастауға ұсыныс білдіреді. Ал төлемді “QIWI” терминалы арқылы төлеуі керек екенін айтады.

Тексеріс барысында QIWI төлем жүйесі үшін әр түрлі электронды нөмірлер жіберілгені, желі қолданушысымен желідегі таныстарының атынан сөйлескені анықталды.

«Қазіргі уақытта соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды әлеуметтік желіде сақ болуға, әрбір ұсыныстарға сенімділік таныта бермеу керектігін ескертеді», – деп қорытты Сысоев.

Жіберіп алмаңыз:

Алаяқтар танымал ірі компаниялар атынан жалған кастинг жасап ақша тауып жүр

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды? (видео)

Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен

Мәскеуде метро қызметкері банкоматта ұмыт қалған 100 мың рубльді ұрлаған

Алматы облысында бірнеше рет банкомат терминалдары тоналған

Талқылау