Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самбо әдісімен құлаттым: Тараздық полицей өзіне жұдырық ала жүгірген жолаушыны тәртіпке салды (видео)

Тараз қаласының басты көшелерінің бірінде төбелескен полиция қызметкері мен жергілікті тұрғынның әрекеті қызу талқылануда. Көшедегі жол қозғалысын реттеп тұрған полицейдің көлікті жібермей қойғанын ұнатпаған жолаушы автокөліктен секіріп шығып, жол сақшысына жұдырық ала жүгірген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Самбо әдісімен құлаттым: Тараздық полицей өзіне жұдырық ала жүгірген жолаушыны тәртіпке салды

Бұл видеодан кейін бірден танымал болған полиция қызметкері көлік қозғалысы көп көше қиылысында тәртіп орнатып, өз қызметін атқарып жүрген болатын. Оқиға орын алған көшеде бағдаршам өшіп қалып, кептеліс басталған. Сол уақытта жеңіл көлікте отырған жолаушылардың бірі жол сақшысына өзі отырған көлікті дереу өткізіп жіберуін талап еткен. Инспектордың айтуынша, көлікті өткізбегенге көңілі толмаған азамат автокөліктен секіріп шығып, оны балағаттап, бірнеше рет итеріп жіберуге тырысқан.

Бұған намыстанған полицей балағаттаған азаматты жауапқа тартқызу үшін бөлімшеге әкетпек болады. Бірақ ол қарсылық білдіріп, заң өкілінің жағасына жабысқан. Осы сәтте лейтенант Қуаныш Ақпанов оған қарсы самбо әдісін қолданып, жерге атып ұрған. Ал, тәртіп сақшысын балағаттаған азамат енді 12 мың айыппұл төлейді.

“Ол жұмысқа кедергі келтірді. Мен оған бірнеше рет ескерту жасадым. Бірақ, ол ары қарай қарсылық көрсетіп, менің жағамнан алып, күш көрсете бастады. Сол себепті біз қызметтік жауынгерлік тәсіл көрсетіп, құлатып, қолын қайырып, Тараз қаласы ішкі істер басқармасының бірінші полиция бөліміне жеткіздік”,-дейді Жол патрульдік полиция инспекторы Қуаныш Ақпанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау