Салтанат Бақаева: Жас кезімде ешқашан шымкенттікке тұрмысқа шықпаймын дейтінмін

Дүйсенбі, 6 Қараша , 2017 18:32

Әнші Салтанат Бақаева жастау кезінде шымкенттің жігіттерінен қашып жүретін болған. Бірақ қанша қашса да оңтүстіктің жігітіне тұрмысқа шыққан. Қалай алданып қалғаны жайлы актрисаның өзі баяндап берді.

«Туған қайын апам мені анасының үйіне түскі асқа шақырған болатын. Сол жерде болашақ жарым Нұржанмен алғаш рет кездестік. Ол кезде телефон номерімді де алған жоқ. Сол кездесуден кейін бір ай бойы хабарласқан да жоқ.

Тек бірнеше уақыттан кейін әріптесім, Нұржанның әпкесі хабарласып «Інім номеріңді сұрап жатыр, берейін бе? Киноға барып қайтарсыңдар. Ұнамай қалса бір киноға тегін барып қайтқан боласаласың» деп күлді. Мен де келісімімді бердім. Себебі меннен 7 жас үлкен Нұржанның сымбатты, сұлу екені есімде еді»,-деп күледі актриса.

Міне осы кездесуден кейін Салтанаттың Нұржанға деген қызығушылығы бұрынғыдан да күшейе түсіпті.

«Сыпайы, өнерімді сыйлайтын азаматпен кездескеніме қуанып қалдым. Тіпті оның сөздерінен, қылықтарынан Шымкенттің тумасы екенін байқаған да жоқпын. Бірақ оның нағыз қазақша тәрбиедегі азамат екенін кейіннен түсіне бастадым. Мінезділігін мойындаймын. Ата-енем де ешқашан мені «келінсің,біздің дегеніміз» болады деген сияқты қатал ұстаған емес. Біздің бақытымыз- түсіністікте деп айта аламын»,-дейді әнші.

Осыдан кейін жас қыздарға өз кеңесін бере кетті.

«Шымкенттіктер келінді қатты ұстайды. Тым қазақы» деген сынды болмашы дүниелерге жалпылама қарап, өмірлеріңізді құртпаңыздар. Бастысы адамға байланысты. Сізді сүйетін адамды дұрыстау, жақынырақ танып алыңыз. Ал оның қай аймақтың тумасы екені маңызды емес»,-дейді Салтанат Бақаева.

Оқи отырыңыз:

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Димаш Құдайберген ұнатқан қызы үшін қатарластарымен төбелескен

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар