Салт-дәстүрге сай қалыңдықты үйге терезесінен кіргізген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Сейсенбі, 4 Шілде , 2017 15:01

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші, еліміздің әр өңірінде түрлі дәстүрлер мен ырымдар бар.

_96793346_gettyimages-483835990

Республикамыздың батыс өңірінде қалыңдықты үйге терезесінен кіргізу дәстүрі бар. Бір үйдің екі баласы бір күнде келін әкелсе, олардың бірін есіктен, бірін терезесен кіргізеді. Осындай салтты ұстанып қалыңдықты терезеден кіргізіп жатқан той иелерінің видеосы ғаламторда кең тарап кетті.

Видеодан қалыңдықтың терезеге баспалдақ арқылы шығып бара жатқанын көруге болады. Оған үлкендері шашу шашып жатыр. Мұны көрге желі қолданушылары басым бөлігі таңғалысын білдірді. Айтуынша, мұндай салт қазақта жоқ.

“Атам қазақта ондай дəстүр болмаған. Ойдан шығарган немесе басқа ұлттан келген салт”, “Ақ босағаны аттады деп айтып жатады ғой. Ондай ырым жоқ-ау форточкадан кірді деген”, “қазақтар ырымшыл халық деп шығармайтыны жоқ қой”, “егер 5-қабатта тұрса, не істейді?” деп жазады желідегілер.

Ал, батыс өңірінің тумалары бұл дәстүрдің бұрыннан қалыптасқанын түсіндіріп бақты.

“Елдер ештеңенін байыбына бармай неге екенин білмей, аузына келгенді айтпаңдар!!! Бір уйде бір уакытта 2 немесе 3 олім болса, оларды да солай біреуін есіктен калғандарын терезеден шығарады”, “Бір күнде бір үйдің екі баласы келін əкелетін болса біреуі есіктен бірі терезеден кірген, Бар салт дəстүр бұл, киіз үйдің кезінде кіші отау, үлкен отаулар болып бөлінген, соларға кіргізген екен” деп жазады желі қолданушылары.

Почему через окно?) Что за традиция?

Публикация от МЫ ЖДЕМ ТВОИ ВИДЕО👌 (@instavideo_kz)

Тағы да оқыңыз:

Жаңа заң бойынша көлігін полицей тоқтатқан жүргізушілердің не істеуге құқығы бар?

Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)

Жамбыл облысында кене шаққанын білмеген 5 баланың анасы көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар