Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмақ қоса алмай жүрген қазақ қызы мамандардан көмек сұрады

Бірнеше жылдан бері салмақ жинай алмай жүрген қазақ қызы мамандардан көмек сұрады.

girls-555667_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

24 жастағы Әсел Аманова бірнеше жылдан бері салмақ қоса алмай қиналып жүр екен. Қазіргі салмағы – 48 кг. Бойжеткеннің қорқуына, көп тамақ ішсе де, салмақ қоса алмайтындығы себеп. Айтуынша, тамақты талғамай, күні-түні ішеді екен. Әсіресе, тәтті тағамдарды көп жейді.

“Мектепте оқып жүрген кезімде толықтау болдым. Кейін биге қатысып арықтай бастадым. Соңғы екі-үш жылдан бері салмағым – 50 кг. Яғни 48 бен 50 кг-ның арасы. Тамақты күні-түні, нан мен майды қосып жеймін. Ешнәрсе талғамаймын. Анда-санда арық мүсінім үшін қысылатын кездерім болады. Фитнес залға барып бапкерлерге салмақ қосқым келетінін де айттым. Олар “Керісінше осы жақсы емес пе? Мүсінің керемет!” дейді. Бірақ өзіме өзімнің көңілім толмайды. Ағзамды былтыр тексерттім. Дәрігер артық ешнәрсенің жоқ екенін айтты. Бәлкім мұның барлығы генге байланысты болып жатқан шығар деген болжам жасады. Ал анам мен әкемнің тұқымында барлығы семіз. Туған боксшы ағаларымның салмағы 100-ден жоғары”, – дейді Әсел Аманова.

Екі жыл бұрын бойжеткеннің бойынан паразит табылған екен. Әзірге бұдан құтылған-құтылмағаны өзіне де беймәлім.

“Килоколорияны есептеп барып тамақтанған жөн. Ал бұл кісі күндіз де, түнде де тұрып алып тамақ жейді. Ол дұрыс емес. Арық адам тәттіні көп жейтін болса, ағзасында көрінбейтін құрттар пайда болады. Біздің жеген тағамдарымызбен сол құрттар тамақтанады. Салмағы аз адамдардың тәттіні мүлдем жемегендері дұрыс. Себебі, паразиттердің саны одан бетер көбейіп кетуі мүмкін. Толықтай айығу үшін газдалған сусын мен тәттілерден бас тартуыңыз керек. Оларды еттен жасалған тағамдарға алмастырыңыз. Күніне 6-7 рет тамақтанып отырыңыз”, – дейді диетолог маман.

16465805_1709957015961354_5682039757475938304_n

Мұнымен қатар, ол Әсел ханымға бір күндік рационды ұсынды.

Таңғы ас:

– кез келген ботқа;
– май жағылған нан;
– джем.

Түскі ас:

– жеміс-жидектен жасалған коктейль (сағат 11-лер шамасы);
– бірінші-екінші ас;
– көкөністен жасалған салат;
– нан.

Бесіндік:

– асқабақтан жасалған клетчатка.

Кешкі ас:

– тауық немесе жылқы етінен жасалған тағам.

Ал психолог Гүлнәр Талғатқызы өз кезегінде адамның арықтауына күйзелістің себепші екенін айтты. Ол кейіпкерге, ең алдымен, жан дүниесін тазартып алуға кеңес берді. “Күйзелісті емдеуге арналған түрлі терапия бар. Өзіңізді босаңсыта алмайтыныңыз көрініп тұр. Үнемі шаршап жүретін сияқтысыз. Қажет болса, хош иісті иісмайлар қосылған ваннаға түсіңіз”, – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау