Салмағы 500 кг-ға жеткен әйел президенттен көмек сұрады (фото)

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 19:24

Иман Ахмад Абдуллати биыл 36 жасқа толды. Ол небәрі 11 жасында төсек тартып жатып қалған. Сол уақыттан бері өздігінен қозғала алмайды екен.

39A0C67300000578-0-image-a-34_1477209707811

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Иман Ахмадтың салмағы туған кезде 5 кг болған. Бүгінде оның таза салмағы 500 кг-ға жетіп отыр. Бастауыш мектепті бітірген соң, миынан инсульт алып, төсек тартып жатып қалады. Соңғы 25 жылда тек анасы мен әпкесінің көмегінің арқасында қозғалады.

39A0C67700000578-3863954-image-a-38_1477214156973

Дәрігерлердің айтуынша, Иманның ағзасына буын мен қолды ісіндіретін паразиттік инфекция түскен. Мұнымен қатар, Иманның ағзасы суды қалыптан тыс ағзада сақтап қалуға тырысады екен. Осы орайда оның отбасы Мысыр президентінен көмек сұраған. Әзірге оған Каир қаласындағы Maadi ауруханасына жолдама берілген. Алайда оның отбасы аталған мекемеге күдікпен қарап отыр. Тіпті, ем-дом шаралары кезінде өліп кетуі мүмкін деп қауіптенуде.

39A0C67B00000578-3863954-image-m-44_1477214206508

Иманның бала күніндегі салмағының ауыр болғаны соншалық, ол еңбектеп жүруге мәжбүр болған. Небәрі 11 жасында өз салмағын өзі көтере алмайтындай дәрежеге жеткен. Қазірдің өзінде күнделікті жуыну, тамақтану сынды үрдістерді тек анасы мен әпкесінің арқасында жүзеге асырады.


Жіберіп алмаңыз:

Артық салмақтың әйелдерге қарағанда ерлерге үш есе қауіпті екені анықталды

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

Жаңа Зеландиялық ару сымбатты көріну үшін 92 келі салмақ тастады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар