Жаңа Зеландиялық ару сымбатты көріну үшін 92 келі салмақ тастады (фото)

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 18:19

2014 жылдың 29 тамызында  Жаңа Зеландиялық визажист  Симона Андерсон  өзінің салмағы 169 келіге жеткенін байқағаннан бастап, өмір сүру  салтын өзгертуге бел буған. Осы шешімінен кейін бірден іске кіріскен қыз қазан айының 29-ы күні  асқазанын кішірейтетін ота жасатты. Осыдан кейін бір жылға жетпей қыздың салмағы  92 келі болды.

қыз16

2015 жылы Симона өзінің арықтауына байланысты салбырап кеткен терісін алдыру мақсатында пластикалық ота жасатты. Бойжеткен соңғы 88 аптасында Инстаграмға әр сәтінен сурет бөлісіп, сымбатының өзгеріп жатқанын үзбей көрсетіп отырады.

қыз

« Мен өмір сүру салтымды толықтай өзгерттім. Оның ішінде тамақтану, спортпен айлысу басты рөлде. Асқазанымды кішірейтіп, артық терімді алдыртып, көкірегімді үлкейту отасын жасатқаныма 33 апта болыпты. Салбыраған тері белдің артқы тұсынан да біраз алынды»,-деп қуана жазады  Симона.

қыз13

Өзінің сымбатты көріну жолындағы тәуекелдерімен қоса бойжеткен сымбаты мен көрінісінде болғанөзгерісті сөзсіз жеткізе алатын  бірнеше суреттерімен де бөлісті. Жаңа образдағы суреттерінде қыздың жарқырай түскені анық.

қыз15

« Адам терісі таң қалдыратын дүние, осының арқасында өз бойымда үлкен өзгерістер пайда болды. Өз сымбатымның өзгергені өзімді күн санап таң қалдырып жатыр»,-деп жазады Симона  Инстаграм желісіндегі парақшасына отаға дейінгі және кейінгі суретінің жанына.

қыз12

Қыз отадан кейін денені шынықтыратын жаттығуларды жасау қиындай түсетінін жасырмайды. Бірақ, шамасы келгенше сымбаты жақсара түсу үшін үнемі спортпен айналысуға тырысады екен.

қыз14

Симаноа сымбатына өзгеріс келтіре бастаған кезде оның парақшасындағы жазылушылар саны 136  мың болатын. Ол үнемі дұрыс тамақтанып жатқан сәтін, спортпен айналысып тұрған кезінен суреттер бөлісіп отырады.

қыз11

Ота жасатқанына алты күн болған кезде қыз FABLife  телебағдарламасына қатысады. Ол бағдарламаны супермодель Тайра Бэнкс жүргізеді. Симона онда өзінің жетістікке жету жолындағы тәуекелдерімен бөлісті.

қыз9

Ол мұндай шешімге келіп, қатерлі тәуекелдерге баруына сұлулық әлемінде жұмыс істейтінінің үлкен ықпалы болғанын жасырмайды.

қыз7

«Мен өзімді іштей қажытатынмын.Ойлаңызшы 24 сағаттан аптасына 7 күн бойы модельдермен жұмыс істейсіз. Айналаңыз толған сұлу бойжеткендер. Әрине әр адам өзін жегідей жейтін еді»,-дейді  Симона.

қыз17

Тамақтану кестесінен салмақ қосатын тағамдар мен олардың мөлшерін азайтқан. Бір жылдың ішінде бойжеткен тек сымбатты болып ғана емес салауатты өмір салтын ұстанған денсаулығы жақсы болып шығакелді.

қыз6

Бойжеткен өзінің әдемі көрінуді ғана емес өзін жақсы сезінуді мақсат еткен. Оған арықтағанға дейін жеңіл жұмыстардың өзі қозғалысы ауыр болғандықтан қиын болатын. Сондықтан да ол салауатты өмір салтына көшкен.

қыз5

Симонаның суреттеріне пікір қалдырғандар арасында оның өз күшімен осынша ма салмақ тастағанына сенбейтіндер көп болған.

« Мен денемдегі салбыраған теріден қатты ұялатынмын. Шалбардың ішінен терімді тартып тұратын тағы біреуін киетінмін. Ол әрине салбыраған теріні бүлкілдетпей бір орында қысып ұстап тұрады. Әрине оны көрсетіп жұретін болсам көпшілікке күлкілі болар еді»,-дейді қыз.

қыз3

«Адамдардың жиіркене жазған сөздері әрине мұғңайтады.  Мен өзімнің дұшпаныма ондай сөздерді жазбас едім. Мен алдыма мақсат қоя білдім, оған қол жеткіздім. Ол менің мүмкіндігім. Кез келген адамның мені осындай қуанышымнан айруға құқығы жоқ»,-дейді бойжеткен.

қыз10

Симона өзі алдына қойған салмаққа қол жеткізгеннен кейін  дәрігері Ремус  Рапта оған артық теріден ота арқылы арылуға кеңес берген.

қыз1

Ол ота алдында «Ешқандай диета, ешқандай спортпен айналысу артық теріні кетіре алмайды» деген.

қыз2

Симона ота кереуетінде  тоғыз сағат уақытын өткізген. Ол осының арқасында салбыраған теріні тығып әуре болмайтынын айтып қуанады.

қыз4

Ота қызға өте ауыр тиген.Артық терілері алынғаннан кейін де бірнеше уақыт қиналып жүрген. Дегенмен Симона өзінің тартымды көріне бастағанына риза болған.

қыз8

«Менің денем таңқаларлықтай. Мен  барлық адамнан да бақыттымын. Енді асыға жазды күтіп жүрмін. Мен ол кезде толықтай жазыламын. Су киімін ұялмай киіп шомылатын боламын»,-деген Симона.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар