Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 400 келі, сумодан бұрынғы әлем чемпионы көз жұмды (видео)

Аралас жекпе-жектердің (ММА) бұрынғы қатысушысы, американдық Эммануэль Ярборо Ричмондта (Вирджиния штаты, АҚШ) 51 жасында көз жұмды.

спортшы

Бұл туралы Абсолюттік жекпе-жектер чемпионатының (UFC) ресми сайтында хабарланды.
Спортшының қайтыс болу себептері туралы хабарланбауда. Ярборо Гиннестің рекордтар кітабына ең ауыр спортшы ретінде кірген: оның салмағы 400 келі, бойы 203 сантиметр болған. Аралас жекпе-жектерден басқа, ол сумо, күрес және дзюдо бойынша жарыстарға қатысып, сондай-ақ американдық футболмен айналысқан.

Ярбороның есебінде ММА ережелері бойынша үш жекпе-жек бар, соның ішінде ол бір рет жеңіске жеткен. 1995 жылы американдық спортшы сумодан әлем чемпионатында жеңіске жетті. 1998 жылы спорттық мансабын аяқтаған Ярборо АҚШ-та сумо елшісі болып, сондай-ақ өз-өзін сомдаған бірнеше фильмге түскен.

Талқылау