Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 150 келі болатын 11 жасар қытайлық оттың көмегімен арықтауға тырысуда (фото)

11 жасар Ли Ханг Прадера-Вилли синдромынан зардап шегіп келеді. Бұл өте сирек кездесетін генетикалық ауру. Аурудың бұл түрі адамның тамақтануы, еңбек етуі, оқуы және бой өсуіне кедергі келтіреді.

1408

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Хангтың жасы төртке келген кезде салмағы 42 келі болған. Осылайша өз құрдастарынан екі есеге ауы болып жүріпті.

3182

Баланың бойынан семіздікке қатысты оннан астам ауру табылған. Оның қан қысымы тым жоғары болып тұрады. Туыстары оны бірнеше мәрте физикалық жаттығулар жасатуға тырысқанымен, ешбірі оның арықтауына көмектесе алмаған.

4169

Содан соң баланы асқазанды тұйықтау әдісімен емдеу үшін дәстүрлі медицинаны қолданатын Хэйлунцзяндағы ауруханаға жіберген.

5159

Операциядан соң оның салмағы 142 келіге дейін төмендеген. Алайда көп өтпей қайтадан 149 келіге көтеріліп алыпты.

6155

Оған отпен жасалатын ем салмағын азайтып немесе іштің кебуінен құтылу үшін қолданылуда. Дәрігер баланың денесін сулы сүлгімен жауып, сосын спиртке батырылған тағы бір сүлгіні жағып емдейді.

2255

Медициналық банкілер бұлшық еттің ауруын азайтып, қан айналымын күшейту үшін жасалады. Жалпы, ауруханада артық салмақ мәселесімен 53 адам жатса, оны жетеуі балалар екен.

Соңғы мәліметтер бойынша екі ай ішінде дәстүрлі емнің көмегімен Ли Ханг 15 келі салмақ тастаған.

Оқи отырыңыз:

Қытайда мектеп оқушылары сабаққа бару үшін күн сайын тауға өрмелеп шығады (фото)

Егер пластикалық операция жасатпаса Майкл Джексонның түрі қандай болушы еді? (фото)

Салтанат пен байлық: Сиви Махмұдидің бары келушілерді несімен таң қалдыра алады (фото)

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Талқылау