Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің микрофонын тартып алған бүлдіршін жұртты күлдірді (видео)

Сәкен Майғазиев Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, концерт беруде. Таяуда гастрөлдік сапармен Қарағанды өңіріне табан тіреген әнші ыңғайсыз жағдайға тап болған. Сәтбаев қаласының кішкентай тұрғыны ән айтып тұрған сәтінде Сәкеннің микрофонын тартып алған-ды.

Сәкен Майғазиев

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға фототүсірілім кезінде орын алған. Анасының қолында тұрған кішкентай бүлдіршін әншінің қолындағы микрофонды тартып алған. Байсалдылық танытқан Сәкен жымиып қана, ән айту құралын өзіне қайтарып алған.

Мұны көрген желі қолданушылары Майғазиевтің қарапайымдылығына тәнті болуда. Оның қарапайымдылығына, жомарттығына, ақкөңілділігі мен шыдамдылығына таңғалған халық әншіге сансыз мақтаулар жаудырды. Көпшілік концерт кезінде әншіні қоршап алған халықты сынға алған.

«Сізді шын айтып тұр ма, әлде өтірік айтып тұрма деп сынап жатыр. Өзіңіз сияқты əнші болғысы келген ғой. Жарайсыз! 100 жасаныз! Халықты алдамай осылай жанды дауыспен айту керек. Сәкен сері, Сәкен – азамат, Сәкен – өз xалқының адал ұлы! Сен қазаққа керексің»,- деп пікір қалдырған оқырмандар.

«Осындай шыдамдылықпен және өнерімен киелі сахнада ән айту оңай емес. Әншілердің ішіндегі ерекше жансыз. Сөз саптап сөйлеуіңіз көпшілік ортада өзіңізді ұстауыңыз, қазақилығыңыз өте керемет. Сондай тамаша адамсыз. Ең қадір тұтар әншісіз. Аман жүріңіз Сәкен аға. Сізге оразада айтылған тілектер қабыл болғай», – деген тағы басқалары.

«Қазақ қашан мəдениетке бет бұрар екен. Əн тыңдауға барған соң, кедергі жасамай отыра тұрса болмай ма? Сəкеннің есін шығарды ғой жұлмалап. Қазақ десе өзіңе тиеді. Не сұмдық! Бала-шағасымен қаумалап, микрофонга жабыстырып. Сыйлау деген болу керек қой. Ұят емес пе, бала сода ғана бардай», – деп сынады тағы бір желі оқырманы.

Тағы оқыңыз: 

Ринат Зайытов Ninety one-ды сабамақ болған “Меломен” тобын жақтап шықты (видео)

Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

Алтынбек Қоразбаев: Елбасының өзі министрлікке шақырғанда бас тартқанмын

Ақбота: Мен қымбат көйлек киіп, гауһар тақпайтын себебім – бар табысымды балаларыма саламын

Талқылау