Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев жас әншімен бірге жетімдер туралы бейнебаян түсірді (фото, видео)

Әріптестері шаштарын тақырлап алып, демалып жатқан уақытта Сәкен Майғазиев жас дарындардың бағын жағып жүр. Анығында, «МузАрттың» серісі жас әнші Әсет Есжанмен бірге жетімдер туралы бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_20

«Жыламасын сәбилер» атты ән балалар үйіндегі бүлдіршіндер жайлы. Түсірілім көріністерін Майғазиев желідегі парақшасында жариялады.

Ал НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында әнші:

«Ойбай жастарды билетуіміз керек деп даңғаза музыкаға қайта-қайта бұрып, соған иек арта берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл заманда адамға ой салатын әндерді де айту керек. Қайырымдылыққа, мейірімділікке үгіттемесек, қазір шынында да жұрттың бәрі, Гитлер айтпақшы, арзан музыкаға қатты беріліп бара жатыр», – деді.

Screenshot_21

Өз кезегінде танымал әншімен дуэт айту бақыты бұйырған Әсет Есжан өнердегі ағасының арқасында жалпақ жұртқа танымал болуды көздейтінін жасырмады.

«Әрине, Сәкен ағамен айтқаннан кейін көбірек көрермен көрсе екен дейсің, ол кісінің қаншама тыңдармандары бар деген сияқты мәселелер ойымызда болды», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева «КешYOU» тыңдармандарын біржола шатастарып жіберді

Сәнгердің қорғаушысы Меруерт Түсіпбаеваны сотқа күштеп әкелуді талап етті

Мөлдір Әуелбекова: Мейрамбек ағаға ғашық көзбен қарауға қиналдым

Айқын мен Гүлназдың махаббат хикаясы тыңдармандарды жылатып жіберді (видео)

Талқылау