Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева «КешYOU» тыңдармандарын біржола шатастырып жіберді

Ақбота Сейтмағамбет “КешYOU” тобынан кеткелі бері оның орнын кім басады деген сұрақ тыңдармандарға маза берер емес. Продюсер Баян Есентаева жаңа жылда жаңа әншіні таныстыруға уәде еткенімен, әзірге бұл жаңалықты құпияда ұстап отыр.

кешю лашын

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Десе де бүгін ол “КешYOU” тыңдармандарын біржолата шатастырып жіберді. “Лашын” тобының әншісі Сара Амангелдіні туған күнімен құттықтаған продюсер сөз соңында КешYOU-дің ресми парақшасын белгілеп қойды. Оны көрген ғаламтор қолданушылары енді топқа Сара келуі мүмкін деп шешті. Оған қоса, “Лашын” тобының ресми парақшасы желіде өшірілген болып шықты.

Screenshot_17

Мұны көрген тыңдармандардың әбден бастары қатты. Себебі бұған дейін ғаламторда топқа тележүргізуші әрі әнші Назым Әбілдина келуі мүмкін деген ақпарат тарады. Ал жуырда жаңа құраммен Қытай елінде өнер көрсеткен топ теріс қарап тұрған суреттерін жариялап елді дүрліктірді. Бұл кезде тыңдармандар топқа “Лашындағы” Элизат келеді деп топшылады.

Сонымен “КешYOU” тобына кім келеді? Тыңдармандардың тағатын тауыспай жуық арада Баян Мақсатқызы бұл сұраққа жауап береді деп үміттенеміз.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек: Жұрт айтса айтсын, өзімнің басым бар

Жанат Бақыт Баян Есентаеваны әжуалады (фото)

Қытай Димаш Құдайбергеновке «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді (фото)

Айқын мен Гүлназдың махаббат хикаясы тыңдармандарды жылатып жіберді (видео)

Талқылау