Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев өзімен ән айтқысы келетін қыздар арасында байқау жариялады (видео)

Сәкен Майғазиевпен дуэт айтуды армандайтын арулар үшін таптырмас мүмкіндік! Әнші талантты қыздар арасында байқау жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Байқауға қатысу үшін Майғазиевтің репертуарындағы “Сен едің” әнінің бір шумағы мен қайырмасын шырқап, желіге жүктеу қажет. Жеңімпазға 7-наурызда Республика сарайынде өтетін ән кешінде Сәкенмен дуэт айту бақыты бұйырмақ.

“Кәсіби және әуесқой әнші қыздардың назарына! АЛЛА қаласа, 7 наурызда өтетін жеке концертімде менімен дуэт орындауға байқау жариялаймын. “Сен едiң” әнінің бір шумақ, бір қайырмасын қайырсаңыз жеткілікті. Сәттілік!”, – деп бөлісті әнші Instagram парақшасында.

Айтпақшы, байқауға қатысуға ниет білдіргендер арасында Майғазиевтің көңілінен шығып үлгерген арулар да бар көрінеді. Әнші инста-парақшасында бірнеше таланттың видеосын жариялады.

@akerkekurban_official 😊🇰🇿📚🎼🌎🎤🕊👏☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен “Сен едің” әнін Шамшынаһар, Маржан Арапбаева сынды өнер иелерімен бірге орындаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың шағымына жауап берді

Аша Матай Айсәулеге соңғы үлгідегі Iphone X телефонын сыйлады

Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты

Түсіпбаева: Басқа маман иесі болсам, күйеуіммен ажыраспас едім

Талқылау