Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты

Композитор Қалдыбек Құрманәлі қазақ өнерінде жүрген біраз танымалдардың шынайы бетпердесін ашты. Сазгердің сөзіне сенсек, «Жұлдыз ауруын» жұқтырған әншілердің санында шек жоқ деп отыр. Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында әңгіменің әлқиссасын Қыдырәлі Болмановтан бастады.

«Біздің әншілердің 70 пайызы жұлдыз ауруына шалдыққан. Қолы жүріп тұрған кезде барлығын ұмытады. Бірақ ар-ұяты барлар тез емделіп кетеді. Ал, айықпағандар телефонын өшіріп тастайды. Кезінде қолғаппен амандасқандар да бар. Мысалы, Қыдырәлі Болманов, «АБК» тобының атағы аспандап тұрғанда қолғаппен сәлемдесетін еді. Қазір олардың жұлдызды дерті басылды. Қазір біз сияқты, кәдімгі өнер адамы сияқты болып қалды. Жерге түсті. Қазақта сөз бар «Қанатымен ұшқан құс, құйрығымен жерге қонады» – деген. Қазір біздің қатарымызға қосылды. Тіпті, кезінде солай істегенсің деп едім, Қыдырәлі: «Иә, рас Қалдыбек мойындаймын» – деді. Ал, мойындамаса, мойындатамын!», – дейді композитор.

Сондай-ақ, сазгердің Ернар Айдарға деген өкпесі де қара қазандай. Қалдыбек Құрманәлі өзі ұйымдастырған концертке шақыру мақсатында, бірнеше мәрте әнші жігіттің командасына хабарласқан. Алайда, ерсі қылық танытқан Ернардың ағасы композитордың көңілін қалдырған көрінеді.

«Мына Ернар Айдар сол тізімде. Бір ағасы бар. Сол ағасымен ғана сөйлесесің. Кім ол сонша? Қатыспаса қойсын. Онсыз да концерт өтеді. Қоңырау шалсаң, 4-5 директор тауып алған. Кім екеніңді айтсаң, қазір хабарлайын дейді. Қазір министрге телефон соғу оңай, жас әншілерге қарағанда. Тойдың деңгейінде жүрген әншілер бұлар. Базардың маңайында жүрген сияқты. Базар деген алдау үшін құрылады. Олар өнерді де базар деп ойлап қалады. Өнердің киесі бар. Өнердің киесі Құдай ұрғанмен тең. Бізде тойдың әншісі бар, сахнаның әншісі және құдалықтың әншісі бар. Бұлар құдалықтың әншілері»,  – дейді Қалдыбек Құрманәлі

Айта кетейік, осы уақытқа дейін әрдайым әртістермен жұмыс жасап келген композитор «Жұлдызды дертке» шалдықпаған өнерпаздардың да бар екенін жасырмайды. Абыройы асқақтап, танымалдылығы артса да, халықтың қошеметінен артық байлықтың жоқ екенін түсінетін танымалдарды сазгер саусақпен санап берді.

«Олар санаулы, аз! Мысалы, ауырмаған Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова, Жеңіс Ысқақова, Тоқтар мен Бейбіт, Мақсат Базарбаев, Алтынай Жорабаевалар өмірі жұлдызды дертке шалдықпағандар. Концертке катыса алмайтын болса, қатыса алмайтындарын бірден айтады, алдамайды! Өзін құрметтеген адам, өзгені де құрметтей алады», – дейді сазгер.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуренді желіде бұғаттап тастағанмын, бірақ жүздесіп тұрамыз

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі (фото)

Саят Медеуов: Жалпы Алтынбек ағамызға Төреғали керек емес

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар