Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Дубайда саяхаттап жүр (фото)
Эстрада жұлдыздары қысқы демалыстарын шетелде өткізуді әдетке айналдырған. Олардың басым бөлігі қақаған қыс ортасында отбасын алып жылы аймақтарға қарай бет алады. Олардың қатарында танымал әнші Сәкен Майғазиев те бар.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші жұбайы және қос бірдей бүлдіршінімен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде саяхаттап жүр.

Ол қыздары Раяна мен Мәрияммен бірге елге сәлем жолдады.

Сондай-ақ, Майғазиев биыл жұбайымен отасқанына 20 жыл толатынын айтып тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Желі оқырмандары Майғазиев пен оның жұбайы Динараның бір жастықта қартаюын тілеп, ақ тілектерін жолдады.
«Баянды бақыттарыңыз ұзағынан болып, бір жастықта қартаюды жазсын», «Құттықтаймыз, алтын тойды тойлауға жеткізсін», «Қосағыңызбен қоса қартайыңыздар», «Жастарға сіздердің жолдарыңызды берсін», – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Дизайнер Кенже өзіне қол жұмсамақ болды
“Дом-2” шоуы Қазақстанда кастинг жариялайды
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"