Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев досының қызының опасыздығын әшкереледі

Медет Көжеков досы әрі әріптесі Нұржан Керменбаевты алдауға көмектесті. Алғашқысы досын өзі танымайтын қызға үйлендірмек болды.

15624410_180745899061661_340033011795886080_n

Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev/?hl=ru

Бұл туралы КТК арнасының “Келесі кім” бағдарламасында айтылды.

Аталған бағдарламаның сценарийі бойынша, Медет Көжеков Нұржан Керменбаевқа өзіне опасыздық жасап жүрген қызы туралы айтып береді. Екеуі пәтерде сөйлесіп отырған кезде, әлгі қыз көңілдесімен кіріп келеді. Қос әнші бұл уақытта шкафқа тығылып үлгерген еді. Әңгіме барысында Медет досынан өзін сабырға шақырып отыруды өтінеді. Яғни қызына қол жұмсап, суық қаруға жүгірген жағдайда тоқтатуды.

Әншілер шкафта тығылып тұрған сәтте әлгі жігіт кіріп келеді. Өзінің жақсы жұдырықтасатын да көрсетеді. Осы сәтте Медет Көжековтің телефоны шырылдап, екеуі шкафтан шығуға мәжбүр болады. Бағдарлама ұйымдастырушылары Нұржан Керменбаев жақсы жұдырықтасатын жігіттен қорқады деп болжаған-ды. Алайда ол керісінше еш тайсалмастан, барлық шындықты жайып салады.

Оқиға шиеленісіп кеткен сәтте үйге қыздың ата-анасы келеді. Қыз Нұржан Керменбаевты оларға жігіті ретінде таныстырады. Ата-анасы оның отбасы барын білетіндіктен, шу шығарады. Бұл жолы Нұржан тағы да батылдық танытып, барлық шындықты жайып салады. Артынша болған оқиғаға күліп қарап, өзінің қатты алданғанын мойындайды.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан үнді актеріне хат жазбақ

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Тыңдарманы Мақпал Жүнісоваға домбырамен ән арнады (видео)

Ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісті (фото)

Талқылау