Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашты (видео)

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашқалы жатқанын мәлімдеді. Ол 7 мен 13 жас аралығындағы өнерпаздарға іріктеу жариялады.

20394095_2468848819997745_1799126190720548864_n (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші боламын дейтін балақайлар 1 және 2 тамыз күндері Алматыдағы оқушылар сарайында өтетін іріктеуге қатыса алады.

Майғазиевтің айтуынша, Smart деп аталатын өнер мектебіндегі негізгі пән – “эстрада әншісін даярлау” болып табылады. Бұдан өзге, өнер мектебінде қазақ тілі, ағылшын тілі, домбыра, фортепиано, сольфеджио, музыка теориясы, хореография, қазақ музыка тариxы, саxна тілі, логопедия, информатика пәндері бойынша сабақтар жүреді.

Ассалаумағалейкум, әнсүйер қауым! АЛЛА қаласа, “SMart” өнер мектебін ашу ниеттемін. 7 мен 13 жас аралығындағы өнерпаздарды іріктеу (Алматы қаласы бойынша) Достық даңғылы мен Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы “Оқушылар сарайында” 1-2 тамыз күндері, сағат 11:00 – ден басталады. Негізгі сабақ “Эстрада әншісін” даярлау болып табылады. – Қазақ тілі – Ағылшын тілі – Домбыра – Фортепиано – Сольфеджио – Музыка теориясы – Хореография – Қазақ музыка тариxы – Саxна тілі – Логопедия – Информатика т.б Толық ақпарат үшін +77014553388, +77021002424 xабарласа аласыздар. 😊🇰🇿👼🏻👨‍👩‍👦‍👦🏡🌎📚🎼🎤🏇☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Өзбек әнін аударып алған Жігер Ауыпбаев елдің сынына жауап берді (видео)

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Талқылау