Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)

Бейсенбі, 3 Қараша , 2016 10:12

Сәкен Майғазиев атышулы “Ninety one” тобының жақсы қасиеттерін тізіп берді. Әншінің аталмыш топ туралы пікірі Instagram желісіндегі 91_world парақшасында жарияланды.

97054469

Сәкен Майғазиев ЖОО студенттерімен кездесіп, дәріс оқыған ұқсайды. Видеоның жазбасында: «Бұл негізі терроризм, теріс ағымға кіріп кетпеу жөнінде уағыздау лекциясы болған. Тек 91 тобына арналған жиналыс деп ойлап қалмаңыздар!» – делінген.

Өз сөзінде «МұзАрттың» серісі 91 тобын жақсы көретінін жеткізді. Десе де, оның да жігіттердің сырт келбеттеріне көңілі толмайтын болып шықты.

«Әртістерге қастандық жасаудың қажеті жоқ. Оған көңіл аудармай қойсаң, ол өзі-ақ өліп қалады. Сұраныс болмаған әртістер күйзеліске түсіп кететін жағдайлар болады. Бұл өте жаман нәрсе. Сонша боянып-таранып барғанда ешкім қабылдамай қойса, обал емес пе? Ол бауырларымды мен жақсы көремін. Жақсы қасиеттері өте көп», – деп атап өтті Майғазиев.

Одан кейін әнші 91 тобының 9 түрлі жақсы қасиетін тізіп берді. Назарларыңызға Сәкен Майғазиев атап өткен “Ninety one” тобы туралы жақсы қасиеттер тізімін ұсынамыз:

  1. Ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген жігіттер;
  2. Өз бағытының шебер орындаушылары;
  3. Өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, мелизматиканы меңгерген, тембрлары тамаша, тағысын тағы;
  4. Керемет рэп орындаушылар;
  5. Өте сабырлы. Оларға қаратылып балағат небір сөздер айтылса да боқтай білмейтін байсалды балалар. Шынында мен оларды зерттедім. Өнер адамы, аға болғаннан кейін, олар психологиялық тұрғыдан қандай да бір сынға дайын болды;
  6. Еңбекқор, олар кәсіби сахнаға шығу жолында екі жыл дайындалды;
  7. Сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдау, сахнадағы еркіндік өте керемет;
  8. Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау тудырған, атышулы, былайша айтқанда қазақтың «Атың шықпаса жер өрте» деген мысалына «амал» жасап жүрген алғашқы топ;
  9. Олар қайырымдылық шараларымен үнемі айналысады.

«Жақсы қасиеттері өте көп екен. Халықтың наразылығын тудырып жүрген бір-ақ нәрсе. Ол не? Шаштарын қызыл-жасылға бояу, қыздар сияқты көздерін қараға бояу және сырға тағу. Мен үш-ақ жерде 91 туралы сұхбат бердім. Тек олардың сырға таққандары туралы жерлері алынып, ал олардың жақсы талантты жігіттер екенін, қазақ тілін насихаттап жүргені туралы әңгімелердің бәрі кесіліп кетеді», – деп атап өтті Сәкен Майғазиев.

Әнші Ерболат Беделхан мен топ жігіттерін көрген сайын олардың сахналық образдарына қатысты ағалық ақыл-кеңесін айтып жүретінін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетау тұрғындары “Ninety one” тобының концерт өткізуіне қарсы

Айдана Меденова кішкентай қызын ән айтуға үйретуде (видео)

Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар