Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Жүзден аса студенті жалған құжатпен оқуға түскен “Астана” медициналық университетінен кейін еліміздің бүкіл жоғары оқу орындары тексерілетін болды. Ал өтірігі ашылған 117 студент түгел оқудан шығарылады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ерлан Сағадиев

«Регламент бойынша сол студенттерді оқудан шығарып тастау, ең алдымен босату керек. Әрі қарай Денсаулық сақтау министрлігімен, сол университетпен отырып ақылдасып, сол балалардың жағдайын ойлайтын боламыз», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Білім және ғылым министрлігі тексеруді былтыр жүргізген. Анықтай келсе, ағылшын тілінен тест тапсырып, «айлтс» сертификатын иеленген 117 студенттің құжаты өтірік боп шығыпты. Барлығы да грантта оқитындар. Бірақ, білім алушылардың бір тобы мұнымен келіспей, сотқа шағымданып жатыр. Өйткені, олар енді мемлекетке келтірген миллиондаған шығындарын қайтаруы тиіс. Ал басы дауға қалған «Астана» медициналық университеті Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Қазір қос министрлік білім ошағының ендігі тағдырын қарастырып жатыр. Яғни, университетті лицензиядан айыруы да мүмкін. Министрдің айтуынша, осы даулы жағдайдан кейін еліміздегі 130 жоғары оқу орнының бәрі тексерілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

ҰБТ тапсыруда 2018 жылы қандай өзгерістер болады?

Алматыда жекеменшік емханадағы операциядан кейін сәби шетінеп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар