2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «кейбір заңнамалық актілерге жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстандағы жоғары білім 2018 жылы қалай өзгереді

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындау үшін әзірленді. Заң жобасының мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 78-ші қадамын жүзеге асыру. Олар Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейтуді көздейді.

Аталған заң жобасы тұтастай алғанда бір кодекске және үш заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Жалпы, бұл өзгерістер жоғары оқу орындарының үш негізгі бағытымен реттеледі: академиялық, басқарушылық және қаржылық.

Отырыста заң жобасымен жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту ұсынылды.

ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев заң жобасын таныстыра отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту дегеніміз ЖОО-на студенттерді қабылдауға, құрылым тәртібін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және ғылыми-білім беру қызметі бойынша еншілес ұйымдарды құруына құқық беруді білдіретінін атап өтті. Бұған дейін осындай артықшылықтар тек ұлттық ЖОО-ларда ғана болған.

Бұдан өзге, Ұлттық біліктілік шеңберіне біріктіріле отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидасы енгізілетін болады. Осының арқасында ЖОО-лар білім беру нәтижелері мен өздерінің құзыреттіліктерінің негізінде дербес білім беру бағдарламаларын әзірлей алатын болады. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарын лицензиялау жүйесі де өзгереді. Егер бастапқыда тек мамандық лицензияланған болса, ендігі заң жобасы қабылданған соң жалпы дайындау бағыты да лицензияланатын болады.

Бүгінгі таңда жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беруде шамамен 600 мамандық бар, жаңа тәсіл енгізілгеннен кейін даярлаудың 10 бағыты пайда болады, оның ішінде ЭЫДҰ елдеріндегідей, ЖОО-лардың 600-ден де көп дербес білім беру бағдарламалары болады.

Сонымен қатар, студенттерге де екі бағыт бойынша оқудың дербес жолын қалыптастыру құқығы берілетін болады, яғни: пәндерді тереңінен меңгеру және пәндерді қосымша меңгеру. Қосымша меңгеруде бір мамандықта оқып жүрген студенттер өз білімдерін толықтыру үшін қосымша мамандықты да игеруге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

Тағы оқыңыз: 

ҰБТ тапсыруда 2018 жылы қандай өзгерістер болады?

Алматыда жекеменшік емханадағы операциядан кейін сәби шетінеп кетті

Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды

Қытайдағы ең алып әскери кемені 23 жастағы қазақ қызы жүргізген (фото)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар