Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн теңге сыйақы беріледі
Композитор Еркеш Шакеевтің ұлы Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн. теңге сыйақы беріледі.

Сурет: 365info.kz
«Күні бойы іздеу жұмыстарын жүргіздік. Әзірше еш нәтиже жоқ. Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн. теңге сыйақы тағайындалды. Еріктілерді таңғы 7-ден бастап «Сейфуллин» және «Алдар көсе» көшелерінің қиылысында жинаймыз. Тағы да адамдар керек.
Бұл жігітті өз басым танимын. Өте сенгіш, мейірімді, адал жігіт. Ол табылады деп үміттенемін», – деп жазды Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов Facebook-те.
Бұған дейін сазгер Еркеш Шәкеевтің ұлы жоғалып кеткенін, экс-министр Зейнолла Кәкімжанов Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстарына атсалысқанын хабарлаған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін