Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасованың табиғатына жат бейнебаяны жарық көрді (видео)

Әнші Мәдина Сәдуақасова араға біраз уақыт салып өнерге қайта оралды. Іске білек сыбана кіріскен әнші “Қайда сезім” атты әніне бейнебаян түсіріп, тұсауын кесті. Мұнымен қатар, Сәдуақасова жеке ән кешін беруге дайындалып жатыр.

z1n2l7VLjZM

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші жаңа бейнебаян түсіріп жатқаны туралы инстаграмдағы парақшасында жазған болатын. Мамандарды Шығыс Еуропадан алдырған екен. Бұл жолы да сүйінші хабармен Сәдуақасованың өзі желіде бөлісті.

“Қайдасың сезім” әні 2013 жылы жарық көрген. Ал бейнебаянды Украина режиссері Родислав Лукин түсірген. Ол қай әнге бейнебаян түсіретінін де өзі таңдаған болып шықты.

Аталған бейнебаян әншінің өзге туындыларынан ерекше. Өйткені ол бастапқыда режиссердің ұсынысына қарсы болып, жазып берген бейнебаян желісінің болмысы мен табиғатына сай келмейтінін айтқан.

Туындыны тамашалап үлгерген тыңдармандары бейнебаянның расымен де өзгеше екенін айтып, әншіні құттықтап жатыр.


Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасова танымал әріптесін кофеханасының ашылуымен құттықтады

Мәдина Сәдуақасова: Жұбайым бұрынғы отбасым туралы айтпауымды өтінді

Сәдуақасова: Мен бұл өмірде серігім Олжастан артық таза да тәртіпті жан көрген емеспін

Талқылау