Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасова: Спортшы қыздардың жолы біздікінен әлдеқайда ауыр дейтін едім

Жуырда Мәдина Сәдуақасова қазақстандық спортшы қыздарды әуежайда өзі күтіп алған болатын. Әнші олармен етене жақын араласып, сырласып та үлгерген екен. Енді міне, спортшы қыздардың жолының өзінікінен әлдеқайда ауыр екенін айтып жатыр.

13707028_288935018128927_1691891999_n

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Инстаграм желісінде белсенділік танытатын жұлдыздардың қатарында Мәдина Сәдуақасова да бар. Ол үнемі аталған желі арқылы түрлі жаңалығын бөлісіп, арасында саяхатының суреттерімен жұртты қызықтырап тұрады. Бұл жолы ол Рио Олимпиадасында “күміс” жүлдегері атанған Жазира Жаппарқұлмен жақынырақ танысқанын айтты. Отандық бағдарламалардың түсірілімі кезінде спортшы қызбен сырласып та үлгерген екен.

“Еліміздің мақтанышы Жазира Жаппарқұл, жарайсың! Танысқаныма қуаныштымын! Бүгінгі күнім спортшы қыздармен бірге түсірілімде өтті. Жақын танысып, әңгімелесіп, сырласып, тіпті, бір бірімізге бауыр басып та үлгердік. “Өнер жолы – ауыр жол” деп айтады. Ал спорт жолы, әсіресе, қыз бала үшін одан да ауыр деп айтар едім. Өмірін спортқа арнаған барша қайсарлы қыздарға күш-қуаттарың сарқылмасын, өмірде де спортта да жеңілген сәттерің болмасын, қашанда жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!” – дейді Мәдина Сәдуақасова.

3788BBC500000578-0-image-a-2_1472010734192

Мұнымен қатар, әнші Риода өнер көрсеткен тағы бір спортшы қызды күтіп алуға арнайы әуежайға барған екен. Ол – Сәбина Әшірбаева. “Риода жақсы өнер көрсеткен тағы бір спортшы қызымыз Сәбина өзінің жаттықтырушысымен белгілі Әлия Юсуповамен. Жарайсыңдар, қыздар!” – деп жазады Сәдуақасова суретінің тұсына.

13643041_163950040676600_23820774_n

Желі қолданушылары өзгенің қуанышын өзінікіндей бөлісе білетін әншінің мінезіне қайран қалды. “Мәдина, спортшыларды өзің күтіп алып жүрсің бе? Жарайсың!”, “Қазақтың қыздары осылай болуы керек. Жарайсыңдар! Сендерді мақтан тұтамыз! Жуырда теледидардан көріп көзімізге жас алдық”, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам демекші, осындай қазақ қыздары елдің атын шығарып жатса, қалай қайран қалмайсың. Жарайсыңдар! Биіктен көріне беріңдер” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова ұлына гольф ойнауды үйретті (видео)

Мәдина Сәдуақасова Түркияны тікұшақпен аралады (фото, видео)

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Мәдина нағашыларының еліне өмірінде алғаш рет барып, тегін концерт қойып берді

Талқылау