Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасова алғашқы концерті жөнінде айтып берді (видео)

Мәдина Сәдуақасова 20 жылдық ән кешіне қызу дайындалып жатыр. Бүгін әнші концерт барысында қандай отандық дизайнерлердің киімдерін киіп шығатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

садвакасова

Сәдуақасованың алғашқы жеке концерті тың жаңалықтарға толы болмақ. Біріншіден, әнші Мейрамбек Беспаевпен дуэт орындайды. Одан бөлек, Мәдина Роза Рымбаевамен, Төреғали Төреәлімен қосыла ән шырқайды. Әнші концерт барысында отандық төрт дизайнердің киімдерін киіп шығатынын желі парақшасында жазды. Олар: «Аруназ дизайн» сән үйі, дизайнерлер – Наиль Байкучуков, Карина Қилыбаева және Айман Тоқтағұлова.

«Менің ойымша, залда отырған көрермен үстімде қай сән үйінің көйлегі екенін бірден танып қоятын сияқты..» – деп жазды Мәдинаның өзі желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ҚР халық әртісі Роза Рымбаевамен дайындық барысындағы видеосымен бөлісті.

Жіберіп алмаңыз: 

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

“Аll Давай” әншісі екі айдың ішінде өз күшімен Gelandewagen автокөлігіне қол жеткізбек (видео)

“RinGo” тобы 10 жылдық туған күнін жұлдыздармен бірге атап өтті (фото, видео)

Талқылау