Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі альпинист сүйіктісін көшкіннен құтқара алмағандықтан өзіне қол салды

Әлемге әйгілі америкалық альпинист Хэйден Кеннеди сүйіктісі Инге Перкинсті қар көшкінінен құтқара алмаған соң, өзіне-өзі қол жұмсады.

Жантүршіктірер қайғылы оқиға жайлы CBS телеарнасы хабарлады.

Хэйден мен Инге Монтана штатының тауларында шаңғы теуіп жүріп қар көшкініне тап болады. Хэйденді бел ортасынан қар басып қалады, ал сүйіктісі Ингеден адасып қалады.

Олар екеуі де тәжірибелі альпинистер. Жігіт қызды қар астынан іздеп көрегенімен та ба алмайды. Ақырында құтқарушыларды шақыртады. Олар Инганы қар астынан өлі күйінде тауып алады.

Бұл жайт Хэйден Кеннеди үшін ауыр соққы болды. Жақындарының айтуынша, сүйіктісін құтқара алмағандықтан ол өзіне қол салған.

2014 жылы Elevation Outdoors журналы Хэйден Кеннедиді «Ғаламшардағы үздік жас альпинист» деп атаған болатын. 27 жасында ол Жер шарының ең биік шыңдарына көтеріліп, көптеген рекордтарды жаңартқан еді.

Тағы да оқыңыз:

Қытай жігіті өзге қытайлықтарды украин қыздарымен таныстырып бизнеспен айналысып жүр (фото)

Иесі пәтерін екі жылдан бері жалға беріп, жасырын камера арқылы порно түсіріп келген

Зейнеткер автобуста орын бермеген қызды желкелеп тұрғызып, басын терезеге ұрған

Талқылау