Рымбаева: Батырхан кей жерде үнсіз қалып, басын изеуге мәжбүр болды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 12:43

Елімізге танымал әнші Роза Рымбаева марқұм Батырхан Шүкеновтың өз жолын қалай бастағанын айтып, әнші туралы естеліктерімен бөлісті.

новый коллаж

Бұл туралы “Қазақстан жаңалықтары” хабарлайды.

Жүрегіне барша Қазақстанды сыйдыра алатын танымал музыкашы. Ол – ешкімге ұқсамайтын, өз алдына жеке дара солист, аспапшы, композитор. Ол ешуақытта біреудің жолын кесіп өткен емес, өйткені оның өз сара жолы бар. Мұны марқұм әншімен қазақтың киелі сахнасында қатар тұрып өнер көрсеткен Роза Рымбаева да растайды.

“Арай” ансамбліне талғамы қалыптасқан кәсіби музыкашы ретінде келді. Ол ұжымға сіңісіп, сазды әуенді тыңдарманға жоғары деңгейде жеткізе білсем деп армандайтын. Оның даусын алғаш естіген кезде джаз-рок стилінде ойнайтын “Арай” ансамблінің адамы екенін сездік. Бірнеше дайындықтан кейін ол өзін жақсы қырынан танытып, өлең вокалдық қабілетін көрсете бастады. Осы сәттен бастап біз оған репертуар таңдадық.

“Арай” ансамблі өзінің концерттік бағдарламасын әзірлеп, Батырхан аталған ансамблдің солисі, қалғандары аспапшылары ретінде танылды. Алайда мұндай жетістікке қол жеткізбес бұрын біз Қазақстан мен шетелді он жыл бойы аралап, өнерімізді халыққа паш еттік. Бір-бірімізге туған-туыс бауырдай болып кеттік. Олар біріккен одақ деңгейіндегі, мен халықаралық сайыстарға қатысып жүрдім. “Джулия” әнін естіген жұрт жоғары деңгейдегі команданың пайда болғанын айтып жатты. “А’Студио” тобы да қатарына Батырхан Шүкенов қосылған соң асқан танымалдылыққа ие болды”, – дейді Роза Рымбаева.

– Ұжымдағы артистердің сахна сыртында бір-бірімен қарым-қатынасы қандай болатын?

– Біз отбасыларымызбен дос болдық. Әсіресе алғашқы жылдары. Барлығымыздың да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз нашар болды. Ол уақытта бәрінен де мен пәтерім үлкенірек болғандықтан, мерекеде біздің үйде бас қосып, жыл сайын Жаңа Жыл мерекесін атап өтетінбіз. Алаңға қарама-қарсы тұрғандықтан, Жаңа Жыл қарсаңында сыртқа шығып, үлкен шыршаны айналып жүретінбіз. Мұнымен қатар, достарымыздың достарын да арамызға қосып алатынбыз. Басқаша айтқанда, біздің пәтер “арайлықтардың” бас қосатын орталығы іспеттес болатын.

– Жеке орындаушы ретінде танылған соң Батырхан Шүкеновтың өмірі қалай өзгерді?

– Меніңше, оған жалғыз жүру айтарлықтай қиынға соққан сияқты. Осы кезде оның денсаулығы сыр бере бастады. Өзіңе талапты тым жоғары қойған соң соған қарай ұмтыласың. Ол да өзінің дейгейінен өспесе, түскісі келмейтін. Ол ешкіммен жарыспайтын, бар болғаны халыққа орындаушы мен нағыз композитордың қаншалықты жоғары деңгейде жұмыс істей алатынын көрсеткісі келетін. “Жалғыздан жалғыз” атты телевизиялық конкурста да жеңіске жеткен болатын. Батырхан қандай образ ойлап тапса да, өзін актерлік қырынан таныта білетін.

Мен оны соңғы рет өткен жылдың сәуір айында Астана қаласында көрдім. Осы кездесуімізден кейін 3-4 күн өткен соң ол қайтыс болды. Ал біздің жоспарларымыз өте көп еді. Біз туған қаламыз Алматыда кездесіп, мейрамханаға баруды жоспарлағанбыз. Бірігіп өнер көрсету де ойымызда болған. “Арай” құрамында жүрген шағымызда ол Владимир Миклошичтің “Біз кездесеміз” атты туындысына ән жазып, екеуіміз дуэт орындаған болатынбыз. Біз аталған әнді 10 жыл қатарынан айтып жүрдік.

Мен Алматы, Мәскеу қалаларында қанша концерт өткізсем, ол соның барлығына қатысты. Өзінің гастрөлдік сапарларын кейінге шегеріп, мені келіп құттықтап кететін. Өкінішке орай, 2015 жылы өзімнің өнердегі 40 жылдығыма орай өткізген концертімде бұл әнді жалғыз өзім орындауға мәжбүр болдым. Батыр айтуы тиіс шұмақтарды балам айтты. Ол да Батырханның өлеңдерін тыңдап өскен болатын.

– Батырхан денсаулығының сыр беретіндігі туралы айтатын ба еді?

– “Арай” құрамында жүрген шағында денсаулығы бірнеше рет сыр берген болатын. Алайда жастық шақпен ол онша назар аудармайтын. “А’Студио” тобының жігіттер де бірнеше рет ауырғанын айтады. Осындай да көп мән бермейтін әдетіміз бар ғой. Ол “жұмыс-жұмыс” деп жүре беретін. Біз эмоцияның адамы болғандықтан, кейде өзімізді ұмытып кетеміз. Кейде өзім де тамағым ауырып, дене қызуым көтеріліп тұрса да, сахнаға шығып өнер көрсетемін. Өйткені мен сахнаға шыққан кезде барлығын бір сәтке ұмытып, басқа адамға айналамын.

Оның өмірінің қиын болғанын да айта кетуіміз керек. Жұмыста да, отбасы мәселесінде де. Оңай болмады. Қазір кім қиналмай жүр дейсіз?! Өзіме қиындық тудырмау үшін алыс елге көп бара бермейтінмін. Маған да бір кездері Мәскеуге барып, жоғары деңгейде ән салуды ұсынды. Бірақ мен орнымның осы жерде екенін айттым. Бұл жерде менің жүрегім де, өзім де тыныш. Маған осының өзі жеткілікті.

– Көрермендер Батырды артист ретінде біледі. Ал ол шынайы өмірде қандай адам болған?

– Ол нағыз ер азамат болатын. Өзі сондай бауырмал әрі мейірімді. Батырхан барлығын жүрегіне жақын қабылдайтын. Шынайы өмірде өзі өзгертуге қауқары жетпеген дүниелер оның денсаулығына әсер еткен сияқты. Ол кей жерде үнсіз қалып, басын изеуге мәжбүр болды. Оған гастрөлдік сапардың шарты мен өзі өлең айтатын концерттік алаң ұнамаған кездер де болды. Біз гастрөлдік сапармен жолға шығамыз, бірақ шындығында өзімізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Біз бір емес, сан рет өзімізге ұсынған шарттарға сәйкес жұмыс істеуге мәжбүр болдық.

Ол өзінің кейбір қиындықтары туралы тіс жармауды жөн көретін. Отбасылық өміріндегі қиындықтары туралы кеш білдік. Мұның барлығы оның ішінде бұғып жатқан екен. Десе де, біздің арамызда отырған кезде күлімсіреп, әзіл-қалжың айта отыратын. Мұнымен қатар, оның ешуақытта қарсыластары мен дұшпандарының болмағанын айтып өткім келеді. Оның өз сара жолы болатын: ол – ешкімге ұқсамайтын, ешуақытта қайталанбайтын солист, аспапшы, композитор. Өзінің сара жолы болғандықтан, ешкімнің жолын кесіп өткен емес, – деп Роза Рымбаева әншінің жетістікке жету үшін қиын жолды жүріп өткенін айтты.

Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуірінде өзінің Мәскеудегі пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болған.


Оқи отырыңыз:

Екатерина: Батырдың анасы мұрагерлікті біздің атымызға заңдастырмай отыр

Шүкенов атындағы «Отан-Ана» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар