Руым – Шапырашты: Қайрат Нұртас жапондарды қазақша сөйлетті (видео)

Әріптестері Дубай, Таиланд сынды ыстық мекендерде қысқы демалысын өткізіп жатқан уақытта феномен әнші Қайрат Нұртас Жапонияда жүр. Әншінің аталған елге не себепті барғаны әзірге белгісіз. Бір білеріміз, Қайрат уақытты бос өткізбей, жапондарды қазақша сөйлетуде, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірер сағат бұрын әнші инста-парақшасында қызықты видео жариялады. Ол Жапонияда да тыңдармандары бар екенін қуана жеткізді.

“Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Мен бүгін қатты қуанып отырмын, менің де Жапонияда тыңдармандарым бар екен», – дейді Қайрат.

Қайраттың жапондық тыңдармандарының бірі:

«Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Менің атым Ю Кей. Танысқаныма қуаныштымын», – деп қазақ тілінде сөйледі.

Ал екіншісі:

«Менің атым Мю Цуки, мен қазақша жақсы білемін. Қазақ еліне бақыт, мықты денсаулық тілеймін. Елім – жапон, руым – Шапырашты», – деп желі оқырмандарын күлкіге қалдырды.

Инста-оқырмандар жат жерде жүрсе де еліне, тіліне құрмет көрсетуді ұмытпаған Қайраттың әрекетіне тәнті болды.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Қатал тәрбие алдым, сондықтан шебер өтірік айтамын

Білімсіз режиссер: Бүркіт алғашқы кинокартинасының сәтсіз шыққанын мойындауға мәжбүр болды

Алтынай Жорабаева “ажырасқалы құтырып кетіпті” деп сынағандарға жауап берді

Қайрат Нұртастың әкесі жас қыздарға қырындайтын ағалар туралы клип түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар