Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білімсіз режиссер: Бүркіт алғашқы кинокартинасының сәтсіз шыққанын мойындауға мәжбүр болды

Таяуда, Бүркіт отандық киноөндіріс көшіне өз туындысын қосқан-ды. Бірақ, «Логово» триллері жұмсалған шығынды да, еңбекті де ақтамады деп қапаланып отыр. Кассалық жиыны орасан «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясының продюсері Нұрлан Қоянбаев болса, Бүркіттің не себепті шалыс басып, сәтсіз картина таспалағанын анық біледі.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Продюсерлік пен режиссерлікті де мойнына жүктеген Бүркіт, тұңғыш  туындысының салмағын лайықты арқалай алмағанын мойындайды. Отандық киноөндірістегі бұл сәтсіз қадамын тәжірбиесінің аздығы деп біледі.

“Шіркін, керемет болды-ау деп айта алмаймыз. Мен күткендей болған жоқ. Әрбір режиссер өзінің киносын керемет шықса екен ғой деп армандайды. Шу шығып, неше түрлі сөздер болып жатыр, неше түрлі пікірлер туып жатыр. Одан да жақсы болар деп ойлағанбыз”, – дейді Бүркіттің өзі.

Кинопродюсерлік білімін шыңдамай-ақ осы салаға келген Нұрлан Қоянбаевтың аяқ алысы бірден сәтті шықты. Дәл қазір отандық прокатта көш бастаған «Бизнес по казахски в Америке» картинасының табысты болуына, ол кәсіби команданың сапалы жұмысы әсер етті дейді.

“Продюсерлікті еш жерде оқыған жоқпын, продюсерлік курстарды өттім Шиеліде. «Квн» болсын бәрі ұжыммен жасалатын жұмыстар. Сондықтан да, студент кезден үйреніп қалдық балдармен, жігіттермен бірге ақылдасып, жұмыс жасаймыз”, – дейді Қоянбаев.

Дегенмен, Бүркіт шалыс бастым деп мүлдем киноөндірістен алыстап кетпек емес. Қателігінен сабақ алып, қайта іске кірісуге ниетті.

“Келесі киномызды одан да жақсартып, күлетін жерлерді де қосып, экшнді де қосып, жылайтын жерлерді де, махаббат та болуы керек. Образдарды ашығырақ жасасақ деген ойымыз бар”, – дейді Бүркіт.

Бүркіт, енді триллерден де қиын әрі күрделі атыс-шабыс, экшн жанрына таңдау түсірген. Түсіріліміне көктем шыға сала кірісуге бекініп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтеков Алматыда үлкен концерт бермек

Алтынай Жорабаева “ажырасқалы құтырып кетіпті” деп сынағандарға жауап берді

Қайрат Нұртастың әкесі жас қыздарға қырындайтын ағалар туралы клип түсірді (видео)

АҚШ-та тұратын қазақ полицей Қоянбаевтың фильміне қалай тап болғанын айтты

Талқылау