Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда салық қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды

«Салық салушылар ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» мемлекеттік кірісті басқару бөлімінің жетекшісі Бекмағамбетов пара алу үстінде ұсталды.

9412569e5653c3965b82050a180

Сурет: kapital.kz 

Онымен бірге ұсталған «ВАБ-2016» ЖШС директоры А.Баранов уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

Хабарламада пара сомасының 100 мың теңге екені көрсетілген. Бұл қаражатты салық қызметкері қосымша құн салығы бойынша жылдам әрі кедергісіз тіркеу үшін алған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, айыпкерлерге қолданылатын шара мәселесі де шешілуде, делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Астананың бұрынғы полицейлері пара алғанына өкінді

Талқылау