Роза Рымбаеваның кіші ұлы сахнада алғаш рет ән шырқады
Күні кеше Астана қаласында Роза Рымбаеваның “Көктем шақырады” атты ән кеші өтті. Аталған кеш әншінің 40 жыл сахнада жүргеніне орай ұйымдастырылған. Кеш барысында Рымбаеваның екі баласы бірігіп дуэт құрып, “Ақ тілек” атты әнді бірге орындады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншіні үлкен сахнадағы қуанышын бөлісуге әріптестері ғана емес, кіші ұлы Мәди де келген екен. Үлкен сахнағы шығып ән салғаны туралы Мәди Рымбаев өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды. Осыған дейін ағасы Әлимен дайындық кезінде түскен суреттерін салып, желі қолданушыларын екіұшты ойға қалдырған еді. Себебі көп адам Мәдидің ән айту қабілеті бар екенін біле бермейтін. Бұл 16 жастағы азаматтың сахна төріне алғаш шығуы.

Әншінің сөзіне сенсек, кіші ұлы да болашақта өнер жолын қуып, осы салада жүруі мүмкін.


Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әнші Әли Оқаповқа қандай қыздар ұнайтыны туралы жазған болатынбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"